Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Серік Жәмекұлы Оспанов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ол министрдің кеңесшісі қызметін атқарды. Серік Оспанов 1964 жылы Атырауда дүниеге келген. 1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2010 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Әр жылдары ол Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы, сонымен қатар ҚР парламенті мәжілісінің үш шақырылымының депутаты болды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ