Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда студенттердің кіммен және қалай жыныстық қатынасқа түсетініне бақылау жүргізген

Индонезия жатақханасында бөлмелердің есігін толықтай алып тастаған. Олар осылайша жастардың жыныстық өмірін бақылап, біржынысты қатынасқа тыйым салмақ болған екен.

6dc8f45bde2e056861940a962e6ecc0b__1440x

Инденезия жатақханаларының бірінде есіктерді толықтай алып тастаған. Олар осылайша біржыныстылардың жыныстық қатынасқа түспеуін бақыламақ болған екен.

Индонезияның қоғамдық істер министрі Кхофиф Индар Параванс аталған жатақханаға барып, басшылықтың идеясын құптады. Параванстың ойынша да, осы идеяның көмегімен біржынысты қатыснастарды болдырмауға болады.

“Енді қыздар қыздармен, жігіттер жігіттермен ұйықтайды деп қорықпасақ та болады. Бұл жатақханананың әрекеті барлығына үлгі болуы тиіс”, – дейді министр. Алайда студенттер бұл идеяны құптамай отыр. Олар өздерінің адами құқықтарының бұзылып жатқанын айтып, шағым түсірген. Қылмыскер келген жағдайда тығылатын жер табылмайтынын алға тартқан.

“Бұл ойға сыймайтын жаңалық. Басшылық осы әрекеттерімен адамдарды бір қалыпқа салып қоймақ”, – дейді Setara Institut студенттер ұйымының мүшесі. Мұнымен қатар, біржыныстылар да өздерінің құқықтарының толықтай бұзылғанын айтып, шағымданып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Полицейлер Астанада жоғалып кеткен 16 жастағы спортшыны тапты

Роликте “мас” болып жүрген әйелдер әкімшілік алдындағы қарды тазалады (видео)

Ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасағандар да амнистияға ілігеді

Алматыда есірткінің жаңа түріне еліткендерді туыстары мәжбүрлеп емдеп жатыр

Талқылау