Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер Астанада жоғалып кеткен 16 жастағы спортшыны тапты

Бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 16 жасар Мәлика Досымжанова табылды. Ол Қостанай облысында өткен дзюдо жарысынан елордаға қайтып келіп, үйіне жетпей қалған.

20161202160014

“Полицейлер оның достары мен таныстарын белгілеу барысында құрбыларымен Қарағанды облысына қонаққа кеткенін анықтады. Жоғалған уақытта оған қарсы ешқандай заңға қайшы әрекеттер орын алмаған. Ол Астана қалалық ІІД аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Ювеналды полиция инспекторлары өз еркімен кетуіне жол бермеу туралы профлактикалық әңгімелесу өткізді. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған қыз заң өкілдерінің қатысуымен түсінік беруде”, – деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, 29 қараша күні қыздың анасы полицияға шағыммен келген. Ол дзюдо жарысына қатысқан қызының Арқалықтан Астанаға келгенін, бірақ үйіне қайтпағанын айтқан. Кәмелетке толмаған спортшынының мекенжайын анықтауға Астана қалалық ІІД жеке құрамы кіріскен. Іздестіру ісі қозғалды.


Жіберіп алмаңыз:

Роликте “мас” болып жүрген әйелдер әкімшілік алдындағы қарды тазалады (видео)

Ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасағандар да амнистияға ілігеді

Алматыда есірткінің жаңа түріне еліткендерді туыстары мәжбүрлеп емдеп жатыр

Енді Жаңа Зеландиялықтар қытайларға таза ауа сатып жатыр

Талқылау