Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роликте “мас” болып жүрген әйелдер әкімшілік алдындағы қарды тазалады (видео)

Павлодарлық полицейлер облыстық әкімшіліктің алдында ішімдік ішіп отырған әйелді тауып алды. Құрбылар өздерін видеоға түсіріп, ешкімнің тәртіпсіздің жасауға тыйым салмайтынын айтқан, – деп хабарлайды КТК арнасы.

увы

“Байқасаңыздар біз қаланың қақ ортасы – әкімшіліктің қасында ішімдік ішіп отырмыз. Бізге ешкім тәртіпсіздің жасауға тыйым салып жатқан жоқ. Полиция қайда? Мұны қалай түсінуге болады! Мұның барлығын ютюбке жүктесек қалай болады екен. Полицияның жұмысын жақтайтындар селфи жасап, лүпіл басып жіберейік”, – делінген видеода.

Ішімдікке әбден тойып алған әйелдер өздерін полиция таппайды деп ойласа керек. Өздері түсірген видеоларын желіге жүктеп жіберген. Алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері оларды тауып алып, әкімшілік алдындағы қарды күретіп, 40 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Әйелдер қатты жылап, бұл әрекеттері үшін өкінетіндерін айтқан.

“Бұл тағы біз. Ютюб желісіне видео жүктеген болатынбыз. Біз айтқан сөздеріміз үшін қатты өкінеміз. Біздің полиция өте жақсы жұмыс істейді. Мұндай видео түсіргеніміз үшін қала халқынан кешірім сұраймыз. Бұдан кейін бұл әрекетіміз қайталанбайды. Әрекетіміз үшін қатты ұялып тұрмыз”, – дейді әйелдер келесі видеоларында.


Жіберіп алмаңыз:

Ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасағандар да амнистияға ілігеді

Алматыда есірткінің жаңа түріне еліткендерді туыстары мәжбүрлеп емдеп жатыр

Енді Жаңа Зеландиялықтар қытайларға таза ауа сатып жатыр

Қайырымды жастар алма сатып науқас қыздың еміне 12 млн теңге жинап берді

Талқылау