Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстандық ауыр атлет Ильин Илья ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Илья ильин

Бұл туралы спортшы Instagram-парақшасында жазды

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша философия докторы (PHD) Илья Александрович Ильин ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығ" РМҚК Дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін биыл қыркүйекте қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ҚР спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы болып тағайындалған еді. 

STAN.KZ
Сенбі, 05 Желтоқсан, 2020 16:36
Талқылау