"Илон Маск сылтау айта бастады": Цукерберг Tesla басшысының жекпе жекке немқұрайлы қарайтынын жеткізді
Meta корпорациясының иесі Марк Цукерберг, Tesla басшысы Илон Масктың торда жекпе-жек өткізуге немқұрайлы қарайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Threads әлеуметтік желісіндегі жазбасында Цукерберг Маскқа нақыт бір күнді белгілеуді ұсынған. Алайда оған жауап ретінде сылтау естігенін жазды.
Айта кетейік, жексенбі күні Маск өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында дүйсенбіде рингке шығуға дайын екенін айтты. Маск пен Цукерберг 22 маусым күні жекпе-жек өткізуге келіскен еді. Алайда, оның нақты болатынына әлі де сенім жоқ.
Цукерберг өткен аптада 26 тамыз күні торда жекпе-жек өткізуді ұсынғанын айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Илон Маск пен Италия мәдениет министрі жекпе жекті ерекше форматты өткізу туралы сөйлескенін жазған едік.
Талқылау