Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск пен Цукерберг арасындағы жекпе жек Италияда тор ішінде өтеді

Әлемнің технология саласындағы көшбасшылары Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы жоспарланған жекпе-жек Италияда Ежелгі Рим стилінде өтуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Италияның мәдениет министрі Илон Маскпен кездесуінде жекпе жекті қайырымдылық шарасы ретінде өткізуді ұсынған. Tesla және Meta бас директорлары маусым айынан бері бір бірін күшпен шешілетін бәсекеге шақырып келеді. Егер жекпе жек орын алса миллиондаған қаражат балалар ауруханасына беріледі деп күтілуде.

Дегенмен, Цукерберг мырзаның айтуынша, күрес күні әлі келісілмеген.

Ал Илон Маск мырза Twitter-дегі жазбасында Италияның премьер-министрімен де, мәдениет министрімен де сөйлескенін жазған.

"Олар эпикалық орын туралы ұсынысыма келісті. Жекпе жекте заманауи ештеңе болмайды. Ежелгі Рим бейнесін айқындайтын күрес болғалы тұр", - деді Маск.

Италияның Мәдениет министрі Дженнаро Сангиулиано мәлімдемесінде "үлкен қайырымдылық" шарасы елдің мәдени мұрасын сақтауға көмектесетінін айтты.

"Илон Маскпен ежелгі Рим тақырыбына қатысты ұзақ сөйлестік. Біз қоршаған ортаны құрметтейтін және қорғайтын, үлкен қайырымдылық пен тарихи іс-шараны қалай ұйымдастыруды ойластырып жатырмыз", - деді Сангиулиано мырза мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұған дейін Илон Маск Марк Цукербергке қарсы жекпе-жекке қызу дайындық жүргізіп жатқанын айтқан еді. Қос миллиардердің октагонда жұдырықтасу идеясы 20 маусымда туған.

Италия үкіметі айқасты Рим Колизейінде ұйымдастыру үшін Марк Цукербергпен байланысқа шыққан. Жекпе-жек 26 тамызда өтуі мүмкін.

Талқылау