Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция жезөкшелікпен айналысатын ер адамдарды ұстаған видеосын жариялады

Талдықорғанда интимдік қызметке жігіттерді ұсынатын жеңгетай ұсталды. Сондай-ақ, полиция жезөкшелікпен айналысатын жігіттерді ұстау процесін видеоға түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, монша кешені жанындағы притон туралы ақпарат Алматы облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасына түскен.

Департаментке облыс орталығының монша кешендерінің бірінде әкімшінің ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсету үшін жігіттерді ұсынатыны, яғни жеңгетайлықпен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында ақпарат расталып, криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін Талдықорғанның 33 жастағы тұрғынын ұстады",-деп хабарлады ІІМ өкілі.


Ұстау фактісі сотқа дейінгі істердің бірыңғай тізілімінде тіркелген (жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады).

Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін тікелей бергені анықталды. Алдын ала сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Талқылау