Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аузымызға шұлықтарын тығып қояды": Шетелге жезөкшелерді экспорттайтын жарнамалар көбейген

Жасыңыз 28-ден асса тек Ливанға бара аласыз. 25-тен аспасаңыз араб шейхтарының назарына ілігуге мүмкіндік бар. Әңгіме саяхаттау емес, жезөкшелік хақында. Әлем желіні ашып қалсаңыз үлде мен бүлдені уәде ететін жарнамалардан көз сүрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеп хабарлайды. 

Нұр-Сұлтанда полицейлер жезөкшелер қызмет ететін 5 пәтерді анықтады

Биылғы пандемия, карантиндік шектеулерге қарамастан елімізде тірі тауарды саудалау тыйылмақ түгілі өрши түскен. Полиция 3 күндік шара өткізіп еді, 50 қылмыстың беті ашыла салды. Бұған із-түссіз жоғалып, іздеу жарияланған 1200 адамды қосып қойыңыз.

Халықаралық Уолк Фри ұйымы келтірген мәліметтер рас болса, ел аумағы мен шет мемлекеттерде 75 мыңнан аса отандасымыз құлдықта жүр екен. Бұл негізінен жұмыспен айналысуға мәжбүрлеу, есірткі транзиті мен контрабандаға пайдалану және балалар мен жеткіншектердің органдарын қара нарыққа сату секілді мың сан қылмыстармен байланысты.


Проблеманың тағы бір парасы шетелдіктер бізге келіп құлдыққа түсіп жатыр. Соңғы уақытта халықаралық қауымдастық Қазақстанды құлиеленушілері бар елдердің қатарына қоса бастағанын да айта кету керек.

"Көптеген ішкі және сыртқы мигранттар карантин кезінде тұрақты және нақты жұмысымен табысынан айырылды. Әлеуметтік желілер арқылы күдік тудыратын жұмыс туралы хабарламалар арқылы қанауға тартылды. Төтенше жағдай кезінде адам еңбегін пайдаланып, қанау бойынша бірнеше хабарлама келіп түскен", - дейді "Арман АНК" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әсел Әлқуатова.

Шетелді былай қойғанда ішкі нарықта да "адам саудасы" қызып тұр. Оған жыл басынан бері босатылған 80-ге жуық құрбан дәлел.

"Ішкі нарықта да адам саудасына қатысты статистика жоғары. Биыл 10-12 қыркүйек арасында "Стоп трафик" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қазақстанның ішінде адам ұрлығы бойынша 50 факт әшкерленген. Олардың арасында жезөкшелік пен мал бақтыру, шаруашылық жұмыстарына еркінен тыс пайдалану жағдайлары көп. Одан бөлек 1200 адам іс-түзсіз жоғалып кеткен. Оның 22-сі бала. Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен бұл бизнестің көлеңкелі тұстары көп дейді. Күресіп жатқандаймыз, бірақ нәтиже көзге көрінбейді", - дейді ҚР ІІМ крминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев.

"Жіберіңіздер, өтініш деп жалындық. Аяқтарына жалындық. Жіберген жоқ. Ұрып-соғып, қолымызды байлап, аузымызға носкилер тығып... қиын болды ғой", - дейді құлдықтан босаған өзбекстан азаматшасы.

АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтынан Уолк Фри халықаралық ұйымы біздің елде 75 мың азамат құлдықта өмір сүріп жатыр дейді. Мұны миф дейін десең...

"Ірі әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарындағыдай адамды саудалап, оған ақша алу, деген сияқты мәселе емес қой. Бізде көбіне көп менталитетке сай. Мәселен, ішкі нарықта шаруа қожалықтарға пайдаланады. Оның өзінде де адам саудасы ма саудасы емес пе бәрі дәлелденуі тиіс", - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз.

Талқылау