Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Баку қаласында жүр

Қалмұханбет Қасымов ТМД-ға мүше мемлекеттердегі құқық қорғау органдарының жетекшілерімен кездесу үшін Бакуге кетті. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Қалмұханбет Қасымов Ресейдегі ІІМ-нің басшысы Владимир Колокольцевпен келіссөздер жүргізді.

“Колокольцев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрімен кездесті. Шара Әзірбайжанда, ТМД-ға мүше мемлекеттердің, ішкі істер министрлер Кеңесінің кезекті отырысында өтті”, — дейді Ресейдің ІІМ.

Отырыста министрлер құқық қорғау саласындағы серіктестікті сөз етті. Сонымен қатар, олар есірткінің заңсыз айналымына және заңсыз миграцияға қарсы  бірге істеген профилактикалық операцияларының берген жемістерін талқылады.

 

 

Талқылау