"Халық адам емес пе?": Маңғыстау облысында полиция қызметкері жаяу жүргіншіге жол бермеген
Маңғыстау облысында жаяу жүргіншіге жол бермеген полицей видеоға түсіп қалды. Нәтижесінде ол жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға түсірілген видео желіде тарады. Онда әйел полиция қызметкерімен жаяу жүргіншілер өткелінен өткізбегін үшін дауласып жатқанын көруге болады. Полиция қызметкері кешірім сұрайды, бірақ әйел оны қабылдамайды және полицейді жауапқа тартуға уәде береді.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, жағдай 3 қаңтарда Ақтау маңындағы Мұнайлы ауданында болған.
"Полиция қызметкері ВАЗ-2114 көлігін жүргізіп келе жатып, әйелді жаяу жүргіншілер өткелінен өткізбеген. Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 600-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қызметтік тексеру жүргізілді",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ