Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Григорий Марченко Әзірбайжандағы банктердің біріне акционер болды

Еліміздің Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы AGBank бақылаушылар кеңесінің құрамына енді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

1458708112_fc8ef624672651956fe688a450703e5c

Сурет timeskz.kz

Бұл туралы аталған банк өз сайтында хабарлаған. Онда қаржы ұйымының өкілдері Марченконың Қазақстанның бұрынғы бас банкирі екенін айта кетіпті.

Ол әзірбайжандық банктің 8,3 пайыз акциясын иемденген екен. Григорий Марченко еліміздің Ұлттық банкін 1999-2004 және 2009-2013 жылдар аралығында басқарды. Өзімізде теңгені тұрақтандыра алмаған ол осылайша өзге елде «банкирлердің сұлтаны» боп жүрген секілді.

Талқылау