Головкин мен “Канело” екінші рет мамыр айында кездеседі
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль «Канело» Аьварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыру үшін ресми түрде келіссөздердің басталғанын және жекпе-жектің қашан өтетінін айтты.
Бұл туралы qsport.kz басылымы хабарлайды.
«Біз Головкин мен «Канело» арасындағы екінші кездесуді ұйымдастыру үшін ресми түрде келіссөздерді бастап кеттік. Головкиннің промоутері Том Леффлермен де жолықтық. Жекпе-жек мамыр айында өтеді. Өйткені мамыр айында ақылы жүйеден (PPV) қомақты пайда түсіруге болады. Шамамен жекпе-жек 5 мамыр күні өтеді. Бұл – Мексика жұрты үшін айтулы күн. Дәл осы күні 1862 жылы мексикалықтар Пэубла түбіндегі шайқаста жеңіске жетті. Сондықтан да бұл кездесу мексикалық жанкүйерлер үшін керемет сый болады», – дейді Гомес.
Еске сала кетейік, Головкин – «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтті. Төрешілер жекпе-жекті тең деп аяқтап, Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super) IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғап қалды.
Жіберіп алмаңыз:
АҚШ президенті мен елдегі спортшылар арасында кикілжің пайда болды
Майк Тайсон: Мен Головкиннің жанкүйерімін
Желіде бокс бапкерінің төрешіні сабап тастаған видеосы пайда болды (видео)
“Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
