Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майк Тайсон: Мен Головкиннің жанкүйерімін

Бокстан ауыр салмақтағы әлем чемпионы Майк Тайсон IBF/IBO/WBA/WBC нұсқалары бойынша ең үздік деп танылған Геннадий Головкиннің жұдырықтасу стилі ұнайтынын айтты.

Бұл туралы championat.com басылымы хабарлайды.

Тайсонның айтуынша, GGG pound-for-pound заманауи боксындағы ең үздік спортшы. “Мен Головкиннің жанкүйерімін. Бүгінгі таңда ол – pound-for-pound-тың ең үздік боксшысы. Шаршы алаңда өзін сарбаз ретінде ғана емес, адам өлтіруші ретінде көрсетеді. Оның рингтегі мақсаты – ұпай санымен жеңу емес, қарсыласының көзін құрту. Ол көрермендер күткендей жұдырықтаса алады”, – дейді Майк Тайсон.


Жіберіп алмаңыз:

Желіде бокс бапкерінің төрешіні сабап тастаған видеосы пайда болды (видео)

“Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)

“Реал” өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады

Головкинге алдағы жекпе-жекке бес қарсылас ұсынылды (фото)

Талқылау