Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Альвареспен өтетін жекпе-жекте барлық белбеуін сарапқа салады

Орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) қыркүйекте өтетін мексикалық Сауль Альвареске (49-1-1, 34 КО) қарсы кездесуде барлық титулы сарапқа салынады,-деп жазды prosports.kz сайты.

головкинеенннннн

Boxrec.com порталының хабарлауынша, қазақстандыққа тиесілі барлық төрт белбеу бәске қойылмақ. Айта кету қажет, бұл сайттың тұжырымы бойынша аталмыш жекпе-жекке бес жұлдыз қойылған.

Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін Альварес пен кіші Чавес жекпе-жегінен кейін Головкин рингке көтеріліп, қыркүйек айында мексикалық боксшымен жұдырықтасатынын растаған болатын. Кездесу соңындағы баспасөз мәслихатынан кейін алғашқы көз арбасу рәсімі де өтті. Супер жекпе-жек 16-шы қыркүйекте, Мексиканың Тәуелсіздік күніне қарай өтеді.

Оқи отырыңыз:

Бокс әлеміндегі белгілі бапкер: Головкинді мықты боксшы деп санамаймын

Астанада құрылысшылар 6 жасар қызды зорлағалы тұрған педофилді ұстады (видео)

Шымкент тұрғыны өз қызын сүйгенінен айырып, бай жігітке алып қашуға рұқсатын берген

Адамның даусы арқылы мінезін білуге болады

Талқылау