Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жезөкше" деп жала жапқан адамды жазалауға болады – Заңгер кеңесі

Егер әлдебір адам атыңыз бен суреттеріңізді бәріне таратып, “ақша үшін ер адамдармен төсектес болады” деп ақпарат таратса, оны жауапқа тартуға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: profit-success.ru

Бұл сұраққа заңгер Алена Дуля жауап берді. 

“Жала жапқан, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді таратқан жеке тұлғаға 160 айлық есептік көрсеткіш (2024 жылы 590720 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынады. Лауазымды адамға 550 АЕК (2 030 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынады. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып немесе жария түрде жасалған дәл осындай әрекет үшін жеке тұлғаға 180 АЕК (664560 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін”, – деп атап өтті ол. 

Тек полицияға арыздансаңыз болғаны. Ол адамды тауып, жауапқа тарту – полицияның міндеті.

Бұған дейін басқа заңгер желіде Бишімбаевтың адвокаттарының жеке фото-видеоларын таратқандарға қандай жаза қарастырылғанын айтқан еді. 

Желіде әйелін өлтірді деп айыпталған Бишімбаевтың ісі бойынша сотталушының адвокаттарының жеке фото-видеолары тарап кеткен. Желі қолданушылары аса ауыр қылмыс жасаған адамды қорғады деп адвокаттарды сынға алды. Алайда адвокат Дайана Дүйсенбекова бұл дұрыс емес екенін және осы үшін желідегілер жаза алуы мүмкін екенін де ескертті. 

Талқылау