Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокс әлеміндегі белгілі бапкер: Головкинді мықты боксшы деп санамаймын

Бокс әлемінде белгілі бапкер әрі сарапшы Тедди Атлас қазақстандық Геннадий Головкинді неліктен pound-for-pound бойынша мықты боксшы деп санамайтынын түсіндірді.

ggg_vs

Атластың айтуынша, Головкиннің боксқа қабілеті төмендеп кеткен, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Барлығы Головкинді біледі. Бірақ ол супермен емес, оны да жеңетіндер бар. Осал тұстары бар, Келл Брук пен Дэниэл Джейкобс осы әлсіздігін ашып берді. Головкин баяулап қалған, 35 жасқа келгенін ескеру керек. Ол маған ұнайды, мықты боксшы, бірақ, ол pound-for-pound бойынша үздік ондыққа кірмейді. Бұл бос сөз емес, мен нақты деректерге сүйеніп айтып отырмын.

Меніңше, P4P деңгейіндегі боксшы – жай ғана мықты жігіт емес. Одан жоғары болу керек. Мен үшін алғашқы ондыққа кіретін жігіттер – Ломаченко, Кроуфорд, таланты мен техникасы да бар, сонымен қоса ақылды спортшылар. Өзін дамытып, ілгерлей алғандар.

Өз басым кейінгі екі жылда Головкиннің еш ілгерілегенін байқаған жоқпын. Оны құбыжық дейді, олай емес. Ол Еуропадан келген алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын 35-36 жастағы жігіттерді ғана жеңді. Ешкімді де жеңбеді дегенім емес, тек жеңген боксшылары қорқынышты қарсыластар болған жоқ. Мәселен, Ломаченко сияқты денесін жақсы қимылдатса, басқа кемшіліктеріне көз жұмуға болар еді. Бұл адамдарға ұнай қоймас, дегенмен, мен төрешілік тәжірибеме сүйене отырып айтарым осы. Мүмкін уақыт өте ол ондыққа кіретін шығар», – дейді Атлас Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.

Тағы да оқыңыз:

Астанада құрылысшылар 6 жасар қызды зорлағалы тұрған педофилді ұстады (видео)

Шымкент тұрғыны өз қызын сүйгенінен айырып, бай жігітке алып қашуға рұқсатын берген

Адамның даусы арқылы мінезін білуге болады

Талқылау