Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш реттік ыстық ас, тасымалданатын дәретханалар: Германиядағы АҚШ әуебазасына жайғасқан мыңдаған ауғандықтың суреттері пайда болды

Германиядағы АҚШ әуе күштерінің Рамштайн әуе базасы Ауғанстаннан босқындарды уақытша қабылдаудың алғашқы орталығына айналды. Эвакуацияның қандай көлемде жасалғанын көрсету үшін жоғарыдан түсірілген шатырлардың суреттерінде олардың бірнеше бөлікке бөлінгенін көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме беріп.  

Шатырларда тек ер адамдар ұйықтайды, ал әйелдер мен балалар ангарларға бөлек орналастырылады, ангарлар әдетте әскери әуе күштері мен АҚШ армиясы бірлесіп басқаратын базада әскери ұшақтарды сақтау үшін қолданылады.

АҚШ-тың Кабулдан эвакуацияланған адамдарының бестен бір бөлігі Франкфурттан оңтүстік-батысқа қарай 100 шақырым жерде Рамштейнге жеткізілді. Қалғандары Катар мен Кувейтке, ал кейбіреулері Италия мен Испанияға жол жүрген.

Эвакуацияланған адамдар Филадельфия мен Вашингтон әуежайлары арқылы АҚШ-қа көшеді, олардың барлығы дерлік ақыр аяғы қайда жететіндерін, соңғы мекенжайлары қай жер болатынынан бейхабар. 

Алғашқы ұшақтар 20 тамызда қонған. Бастапқыда бригада генералы, Реймштайн командирі Джошуа Олсон базада тек бес мың адам сиятынын айтқан, алайда екі аптадан соң онда үш есе көп адам жиналды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша онда 12 мың адам базадан кетіп, 14 900-і қалды. 

20 тамызда 106 ұшақ қонды, олардың көбі С-17 деп аталатын Кабулдан келетін ұшақтар.

“Ауғанстаннан эвакуацияланғандар үшін базаның жартысын жабуға мәжбүр болдым. Себебі оларды сыйдыру мүмкін емес. Далада Фарангейт бойынша 50 градус суық, жауын жауып тұр. Адамдарды, балаларды далада қалдыра алмаймын”, – дейді Олсон.



Оның айтуынша, операция алдағы бір-екі апта аптада аяқталады. Балалар мен әйелдер ангарларда, ер адамдар 40 адамнан шатырларда ұйықтайды. 

Түскі ас ыстықты сақтайтын қораптармен күніне үш рет таратылады. Тасымалданатын дәретханалар мен қолжуатын жер тазалықты қамтамасыз етеді.

Объект Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік департаменттің және ішкі қауіпсіздік министрлігінің қарауында болады.

“Тағы бір мәселе – қазіргі уақытта базада жүрген 6000 баламен жұмыс істеу,  – дейді Олсон.

Белгілі болғандай, әскери-әуе күштерінің акушер-гинекологы Капитан Даниэль Холланд үш босанған әйелді жақын маңдағы әскери госпитальға жібергенін, тағы үш бала базада орнатылған жедел жәрдем шатырына жеткізілгенін айтты.

Жалпы, осы аймақта 12 нәресте дүниеге келген.

Негізгі мақсат 48 сағат ішінде эвакуация жасау, АҚШ-тың Германиямен келісіміне сәйкес босқындар базада 10 күннен артық тұра алмайды.

Мәліметтерге сәйкес, сарбаздар12 сағат, ал ұшқыштар тәулік бойы жұмыс істейді дейді.

Алайда эвакуацияланғандарды тексеру және қарастыру көп уақытты алады. Бұл мемлекеттік департамент, кеден және шекара патрульдері, ішкі қауіпсіздік департаменті және көлік қауіпсіздігі басқармасы қатысатын ведомствоаралық жұмыс.

 

 

Талқылау