Ризабек Айтмұқан Ислам ынтымақтастық ойындарының ақтық сынында сүрініп, күміс жүлдеге ие болады
Фото:ҰОК
Сауд Арабиясында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында еркін күрестен ел намысын қорғаған Ризабек Айтмұқан күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз 97 келінің шешуші финалында Иран елінің өкілі Амирали Азарпирамен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Тартысқа толы белдесуде Ризабек Айтмұқан қарсыласына 0:5 есебімен жол берді. Нәтижесінде күміс жүлдеге ие болды.
Ризабек Айтмұқан жарыс жолында ширек финалда атағынан ат үркетін әзербайжандық балуанды жарыс жолынан шығарған.
Сонымен қатар жартылай финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудиновты 13:5 есебімен айқын басымдықпен жеңген еді. Айта кетейік, Тажудинов 2023 жылғы әлем чемпионы, 2025 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
Еске салсақ, Ризабек Айтмұқан 3 түрлі жас санаты бойынша әлем чемпионы. 2023-2025 жыл аралығындағы үш дүркін Азия ойындарының күміс жүлдегері.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

