Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғани Бейсембаев білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Ғани Бейсембаев білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ғани Бейсембаев

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ғани Бейсембаев 2020 жылдың 28 желтоқсанында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті қызметіне тағайындалған. 

Назархан Уән
Жұма, 18 Наурыз, 2022 08:56
Талқылау