Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар шошқаның ағза мүшелерін адамға ауыстыра бастады

Америкалық генетиктер алғашқы «адам санатына қосылған» шошқаларды таныстырды. Ғалымдардың айтуынша, хайуанның ағзасы адамға қауіп төндіретін барлық ретровирустардан тазартылған. Сол арқылы оның ағза мүшелерін адамға ауыстырып салуға болады.

1500155587

Бұл туралы Science журналындағы мақалада жазылған.

“Шошқа ағзасының мүшелері жұмыс істеу бағыты әрі көлемі бойынша адамдікіне ұқсас келеді. Оларды трансплантация жасау үшін арнайы өсіруге де болады. Қазіргі уақытта ол екі себеппен жасалмайды: біріншіден, адам мен шошқаның иммундық жүйесі бір-біріне сай келмейді, салдарынан адам хайуанның ДНҚ-сында кездесетін ретровирустарды жұқтырып алуы мүмкін», – деп жазады Гарвард университетінің (АҚШ) ғалымы Джордж Черч пен оның әріптестері.

Осыдан екі жыл бұрын Черч әріптестерімен бірлесіп бұл проблеманы жою үшін алғашқы қадамдар жасады. Олар біздің ағзамызға зиян болып табылатын ДНҚ-ның бөліктерін ажыратып, алдырып тастауды үйренді.

Ғалымдардың айтуынша, олардың бірі PERV деп аталатын ретровирустар. Олар миллиондаған жылдар бұрын шошқаның ағзасына бекініп, геномасына орнығып алған. Бұл патогендер хайуанның өзіне залал келтірмейді, алайда Черчтің тәжірибесі көрсеткендей, олар адам ағзасыа еніп, оған вирустар жұқтыруы мүмкін.

Ең басты проблема да сол, бұл ретровирустар шошқаның ДНҚ-сына әбден орнығып алған, оны бөліп ажырату қиын. Тіпті, хирургия араласқан күннің өзінде оны алып тастау мүмкін еместей… Себебі шошқаның ағзасында PERV-ның ондаған көшірмесі бар еді.

Десе де Черч пен оның әріптестері бұл проблеманы шешті. Олар 2013 жылы гарвардтық және еуропалық молекулярлы биологтар ашқан геномды өзгертудің жаңаша жүйесін орнатты. Бұл жүйе ДНҚ бөліктерін 100%-ға алып тастауға немесе алмастыруға мүмкіндік береді. Әрі өзге ағзалардың жұмысына зиян тигізбейді.

Аталған жүйені қолданған Черчтің тобы шошқаның ағзасынан смогла PERV вирусының 62 нұсқасын алып тастады. Ақырында хайуан вирустарды бұрынғымен салыстырғанда (адам ағзасына ауыстырған жағдайда) мың есеге аз тарататын болды. Черчтің пайымдауынша, бұл әдіс адам денсаулығына зиян келтірмейді.

Осыдан екі жыл бұрын Черч тазартылған шошқа хайуанын ұсынатынын айтып, уәде берген еді. Америкалық генетик сөзінде тұрып, бірнеше күн бұрын вирустардан толық тазартылған шошқаны көрсетті.

Ол жаңа туған шошқа баласының “тап-таза” екенін айтып, оның органдарын адамға ауыстыруға болатынын дәлелдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Жедел жәрдем қызметі барлық шақыртуға бармайтын болды

Маса шаққан әйелдің аяғы мен қолын кесіп тастады

Ер адам тіс пастасының кесірінен мүгедек болып арбаға таңылды

Америкалық психологтар адам баласы үшін ең басты қауіпті атады

Талқылау