Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар үйде 2022 жылға дейін отыруды ұсынды

Гарвард университетінің зерттеушілері әлеуметтік оқшаулану 2022 жылға дейін созылуы керек деп санайды, әйтпесе бізде жаңа коронавирустың өршуі күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Science-ке сілтеме жасап.

Гарвард зерттеушілері пандемияның деңгейі қаншалықты жоғарлайтыны қазіргі уақытта белгісіз деп отыр, олар бұл белгісіздік вирустың әлі зерттелмеген қасиеттеріне байланысты болады деп санайды. Біріншіден, маусымға байданысты болжамдар: вирус жыл мезгіліне байланысты әр түрлі тарала ма, жоқ па белгісіз. Екіншіден, инфекциядан кейін иммунитеттің адамдарда пайда болатын-болмайтындығы да әзірге белгісіз.

Бір сценарий бойынша, егер сіз оқшаулануды тоқтатсаңыз, вирус күзде тез тарай бастайды, ал қыста маусымдық тұмаумен қатар жүріп, жағдайды одан әрі ушықтырады. Осыған байланысты ауруханалар қайтадан науқастарға толы болады.

Тағы бір сценарий бойынша адамдар 2025 жылға дейін COVID-19 жұқтыруы мүмкін.

"Егер қарқынды терапия мүмкіндіктері жоғарыламаса немесе вакцина шығарылмаса, оқшаулану шаралары 2022 жылға дейін қажет болуы мүмкін. Ауру нақты жойылса да, коронавирусты эпидемиологиялық қадағалау қажет, өйткені инфекцияның таралуы 2024 жылы қайтадан басталуы мүмкін", - деп болжайды ғалымдар.

Сарапшылардың пікірінше, оқшаулауды ұзарту ауруханаларда жатқан науқастарға жедел көмек көрсету жағдайларын жақсартуға уақыт береді.

Бұдан бұрын АҚШ-та коронавирус диагнозымен қайтыс болғандардың саны соңғы тәулік ішінде 2228 адамды құрады деп хабарланған болатын. Ал 12 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп елдің барлық елу штатында "кең ауқымды апат" жағдайын жариялады. Бұл Америка Құрама Штаттары тарихындағы алғашқы оқиға.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр