Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың намысына тиген әйелді орнына қойды
Гүлзира Айдарбекова келіні мен отбасының абыройына тіл тигізген желі оқырманын “орнына қойды”. Алтын Сартаева есімді әйел “Айдарбекова Жұлдызды уақытында бағаламады, енді асты-үстіне түсіп, барынша жағымпаздануда”, – деп айыптаған, деп хабарлайды Stan.kz.
“Жұлдыз кеше-бүгін келін болып түскен жоқ, жақсылы-жаманды төрт перзент өмірге әкелді. Соншама қуаныштарымен уақытында мақтанып, осы тілеулес халқымен неге бөліспеді? Әрине, төтеннен Жұлдызым бола қалған соң, іштегі өкпе-назымызды айтамыз”, – деп пікір білдірді оқырман.
Әдетте мұндай пікірлерден айналып өте шығатын Қайрат Нұртастың анасы бұл жолы шыдай алмаса керек-ті. Ол 10 жыл бойы Жұлдыздың өз қалауымен жұрт көзінен жасырынып келгенін алға тартып, оны қызындай жақсы көретінін атап өтті.
“Әйел деген ол – Ана! Әуелі отбасын орнықтырып, сәбилерін өмірге алып келіп, ата-ененің, күйеуінің ойынан шығып, бәрін реттеп енді шықса несі кеш. “Ештен кеш жақсы” деген. Ешкімнен кем болып қараңғы қапаста тығылып отырған жоқ, қашанда ортамызда жүрді. Бірақ көпшілікке өзін жарияламай семьясының тыныштығын ойлады. Бір Қайраттың өзін көрінгенмен салыстырып, ойларына келгенін жазып қанша жыл жеп қоя жаздадыңыздар. Жұлдыз шықса үстіне шапан жаппайтындарыңызды ол да ақылға салды. “Отбасы тыныштық сүйеді” деген Жұлдыздың өз сөзі. Оның өз өмірі жеке әлемі. Қалай қалады, солай болды.
Жұлдызым демей не дейін? 10 жыл бойы мамалап, мен дегенде ішкен асын жерге қойса, бір рет бетіме келіп алдымнан кесіп өтпесе?! Мен қорлаған болсам, осындай әдемілігін сақтай алатын ба еді? Өмірі, ешбір әйел атаулыдан кем болған жоқ. Аллаға шүкір, жастай келгендіктен жоғарғы оқуға түсіп оны тәмәмдады, көлікпен жүруді де тез меңгерді, жылда шет елге барып Қайратпен демалып та үлгерді. Үй шаруасына көмекшісі де жоқ емес. Әйел үшін ең үлкен бақыттың, ешбірінен кем болған жоқ. Мұның бәрі Жұлдызға анасының берген тәлім- тәрбиесі. Өзінің мың келіннің ақылына татитын сана сезімі, ақыл-ойының жоғарылығы. Бұдан артық түсіндіре алмайтын шығармын, бар шындық осы”, – деп жауап берді Гүлзира Үсенқызы.
Жіберіп алмаңыз:
«Голос. Дети» шоуына қатысқан Данэлия Төлешова бейнебаянының түсірілімінен видео жариялады (видео)
Баян Есентаеваның қайын атасы бұрынғы келінінен көрген қорлықтарын жайып салды
Қайрат Нұртастың жұбайы әншінің жаңа бейнебаянына түсті (фото, видео)
Димаш әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті (фото)