Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың жұбайы әншінің жаңа бейнебаянына түсті (фото, видео)

Қайрат Нұртас «Жүрегіңнен бір орын бер» әніне бейнебаян түсірді. Ал бейнебаянның негізгі кейіпкері – кеше ғана «Арман. Когда ангелы спят» фильмі арқылы танылып, бірден көрерменнің жүрегіне жол тапқан Жұлдыз Әбдікерімова. Қайраттың жаңа бейнебаянының түсіріліміндегі видео желіде тарап кетті, – деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: Қайрат Нұртастың Instagram-дағы жеке парақшасынан

Қайраттың жары әншінің бұдан оншақты жыл бұрын «Арман» әнінен түсірген бейнебаянында рөл сомдаған. Он жыл бойы жұрт назарынан тасада болған Жұлдыз бүгінде өз мамандығын қолға алып, актриса болуға ниеттенген сыңайлы.

 

Естеріңізге сала кетсек, біраз уақыт бұрын әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Қайраттың ән кештерінде Жұлдыздың жүргізуші болатынын айтқан еді. Ол ендігі мақсаты келінін танымал ету екендігін де жасырмады.

Оқи отырыңыз:

Мейрамбек Беспаев сахнадағы отыз жылдығын атап өткісі келмеген

Баян Есентаеваның күйеу жігіті концертте жүргізуші болатыны жөнінде пікір білдірді

Димаш әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті (фото)

Атағы дардай жазушы Астанадағы қарттар үйінде тұрып жатыр

Талқылау