Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Голос. Дети» шоуына қатысқан Данэлия Төлешова бейнебаянының түсірілімінен видео жариялады (видео)

10 жасар қазақстандық бүлдіршін Данэлия Тулешова Украинаның “Голос. Дети” жобасына қатысып, төрешілер мен көрермендерді таңдай қақтырды. Аталған жобадан кейін кішкентай әнші кең танымалдыққа ие болды, – деп хабарлайды Stan.kz.

Украиналық «Голос.Дети» шоуының жұлдызы қазақстандық Данэлия Төлешова «Другие» әніне бейнебаян түсірді. Ол туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Жақын арада «Другие» әніне түсірге бейнебаяным жарық көреді. Бұл әннен кейін әрбір адамның өзіне деген сүйіспеншілігі артады деп ойлаймын», – деп жазады Данэлия.

 

Қазақстандық жеткіншек “Көрмей тыңдау” кезеңінде Дэми Ловатоның “Stone cold” атты әнін орындады. Шыны керек, кәсіби әншінің даусын естіген төрешілер өз құлақтарына сене алмады. Олардың пікірінші, Данэлияның даусы, ән айту қабілеті өте жоғары деңгейде

2015 жылы Данэлия «Детская Новая Волна» халықаралық телевизиялық сайысына Қазақстан атынан қатысып, көрермендер көзайымы сыйлығына ие болған.

Оқи отырыңыз:

Баян Есентаеваның қайын атасы бұрынғы келінінен көрген қорлықтарын жайып салды

Гүлназ Жоланованың жаңа шаш үлгісін желідегі оқырмандары сынап тастады

Қазақстандық жұлдыздар қазақ тілінде сөйлеуге жарыса шақыруда

Қайрат Нұртастың жұбайы әншінің жаңа бейнебаянына түсті (фото, видео)

Талқылау