Баян Есентаеваның қайын атасы бұрынғы келінінен көрген қорлықтарын жайып салды

Жексенбі, 12 Қараша , 2017 11:09

Баян Есентаеваның қазіргі қайын атасы бұрынғы келіні Лясира Алагөзоваға деген өкпесін жеткізді. Ол Алагөзовтың барлық дүние-мүлкін тартып алған екен. Ендігі 73 жастағы қарияны үйінен қуып шықпақ, – деп хабарлайды Stan.kz.

«Бұл келінім Лясираның маған және ұлыма жазған хаттары. Оның жан дүниесінің кедейлігі мен тәрбиесі жөнінде жақсы білгендіктен, хатты оқығанда еш таңданбадым. Қан қысымым көтерілген де жоқ. Бұл хатта ұрлық туралы жазылған сөздер бар. Ол өзінің қандай екеніне өзі жауап беріп тұр. Елі үшін көптеген еңбек атқарған, дұрыс тәрбие көрген ұлым 26 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған бұрынғы жары мен оның туыстарына барлық зауыттары мен үйін, жылжымайтын мүлкін аударып берді», – дейді Тұрым Алагөзов.

Тұрым Алагөзов бұрынғы келінінің тек Тұрсынғалидың мүлкін ғана емес, өзінің және кенже ұлының мүлкін иеленгенін атап өтті.

«Тіпті, өз пәтерімді және кенже ұлым Асқардың сән салонын Тұрсынғалидың қызы Әминаның атына аударып бердік. Бірнеше күн бұрын Әмина Асқардан салонды босатуына талап еткен. 73 жасқа келген шағымда өз кезегімді күтіп отырмын. 90-шы жылдары Алматыдан алған пәтерімді көмектесу мақсатында балаларға бергенмін. Енді сол үйімнен қуып шықпақ. Туған балаларын өз әкелеріне қарсы қоятын бай, кәсіпкер әйелдің шынайы бет-бейнесі осындай.

Сонымен қатар әйелім өлім аузында жатқанда, 2 жыл ішінде бұрынығы келінім бірде-бір рет келіп, хәлін сұрамады. Менің ұлымның Лясирадан кетуінің себебі де осы. 26 жыл бойы үш бөлмелі пәтерде отбасымен бірге тұрып, түсіністігі мен еңбегінің еленуін қалаған ұлымның шыдамы шегіне жетті. Бұл жазба жөнінде Тұрсынғали хабарсыз. Сол үшін әуелі Алладан және ұлымнан кешірім сұраймын! Ұлым, кешір! Сен – өте төзімді адамсың. Бірақ мен мұнан әрі шыдай алмаймын. Білетін жандар мені түсінер, қалғандары не ойласа да өз еркі», – деп жазады Тұрым Алагөзов желідегі парақшасында.

Кейіннен Тұрым Алагөзов желідегі жазбасын өшіріп тастады.

Оқи отырыңыз:

Гүлназ Жоланованың жаңа шаш үлгісін желідегі оқырмандары сынап тастады

Қазақстандық жұлдыздар қазақ тілінде сөйлеуге жарыса шақыруда

Қайрат Нұртастың жұбайы әншінің жаңа бейнебаянына түсті (фото, видео)

Мейрамбек Беспаев сахнадағы отыз жылдығын атап өткісі келмеген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Anonymous says:

    73жасқа келгенде,жеткен жері 26жыл, опасысз күйеуін қолдап,алтындай ұл-қыз тауып,одан қалса өз кəсібін алып жүрген КЕЛІНІН жамандағаны ма?!Сыйламаймыз! Əлде халықтан, Тұрсвнғали мен Баянды мақтап,жақтасын деген оймен үнсіз отырған Ляйсираны өсектеп отырма?! Əуелі баласының сатқындығы мен Қазіргі сүйікті келінінің бір отбасының ОТАҒАҒАСЫ МЕН ОТАНАСЫ ЕКЕНІН,балалары да отбасын ұстайтын жасқа келгенде жасап жүрген тірліктерін түзетуін бұйыруы керек еді.Бұл үлкен кісіге айтар сөз көп.Бірақ халық оныда жаза жатар…

  • Anonymous says:

    Улкен кисиге шал деп айтпаныздар дореки коринеди! Сиздерде де сондай ата аке болар! Сосын биреудин омирин талкыга алып кажет жок! Оданда ар ким оз омиримен арпалыссын!

  • Anonymous says:

    Баян қашан Алагозова болар екен және т.б.

  • Anonymous says:

    Ал Жана келиниз сиздин халжагдаиын сураиды деп турсыз ба? Сиздин де баланыздын да артында ештенке болмаса, сиздин Жана келениз де кетып калады.

  • Anonymous says:

    улы ел ушин енбек етти деп айтып жатыр, жане бар мулкин айелинин атына жазып отырган, демек бул жерде бир шикилик бар

  • Anonymous says:

    Жиіркенішті істері. Шал басымен келінін жамандап, жаңа келіні бұрынғы байын жамандап. Қалайша жер басып жүр екен??? Алла жүректеріне иман берсін!!!

  • Anonymous says:

    26 жыл шыдап, 27ші жылы шыдамдары бітіп кетіпті… осы əрекеттеріне ақсақалды араластырмаса да болады го… қос ғашық

  • Anonymous says:

    Келинин дурыс жасап отыр. Еркек кангырып баска катын алып жатса ондай адамды кайыршы гып та жиберу керек. Еш аяйтын ештенен жок, шал!

  • Anonymous says:

    баласын актап алу ушин шыгар осынын бари

    • Anonymous says:

      Келинин жаман болса, баланнан кор деген казагым.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар