Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнәз Жоланова түсірілім кезінде аттан құлап, үш күн ауырып жатқан

Гүлнәз Жоланова “Қашқарға саяхат” фильмінде Шоқан Уәлихановтың сүйіктісінің рөлін сомдайды. Аталған фильмнің түсірілімі барысында актриса аттан құлап, үш күн жатып қалған екен. Барлығының қалай болғанын өзі баяндап берді.

image

Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz/

Бұл туралы Comode.kz басылымы хабарлайды.

2016 жыл Гүлнәз Жоланова үшін табысты болды. Ол жуырда “Тараз”, “Бизнес по-казахский”, “Қашқарға саяхат” фильмдеріне түсті. Соңғысында 22 жасында тыңшы ретінде Қашқарға барып қайтқан Шоқан Уәлиханов туралы баяндалады. Киноның сценарийі сол саяхат нәтижесінде жарық көрген 5 томдық еңбектің негізінде жазылған. Ал Гүлнәз Жоланова Шоқан Уәлихановтың сүйіктісі – Ажар есімді бойжеткеннің рөлін сомдайды.

Түсірілім барысында көптеген қиындық болған. Актрисаны алмастыратын дублер табылмағандықтан, Гүлнәз барлық трюкті өзі орындаған. Бірде аттан құлап, үш күн жүре алмай қалған кезі болған екен.

“Түсірілім оңай болған жоқ. Менің қылышпен шайқасатын көріністерім бар. Оның барлығын Nomad каскадерлер тобы үйретті. Жаттығулар шілденің басынан басталып, екі апта бойы жалғасты. Небәрі 14 күннің ішінде атқа отырып, қолға қару алып, батырларша шайқасып үйрену керек болды. Соның бәрін маған үйреткен каскадерлер тобына мың алғыс! Әдетте барлық қауіпті трюкті актердің орнына дублер орындайды. Бірақ менің жағдайым ерекше еді. Дене бітімі менікіне сай келетін дублер табылмағандықтан, барлық трюкті өзім орындадым: аттан да құладым, жарақат та алдым.

14073012_1573482359620299_1145521998_n

Тіпті, үш күн бойы жүре алмай қалғаным бар. Ат деген ойыншық емес екен. Одан басқа түсірілім жаздың ыстық күндері болды. Ал біздің үстімізде қабат-қабат киім, қолымызда ауыр қару-жарақ. Соның бәрімен не аттың үстінде шабасың, не шайқасасың, не болмаса екеуін де қатар жасайсың. Ол аз болғандай Іле жағасындағы шыбын-шіркей әбден мазамызды қашырды. Менің актерлік тәжірибемдегі ең қиын түсірілім осы шығар”, – дейді Гүлнәз Жоланова.

Түсірілім жұмыстарының арасында үзіліс жарияланса керек. Дәл қазір актриса Тайланд елінің Ко Чанг аралында демалып жатыр. Түсірілім шілденің ортасында басталып, әлі жалғасуда. Алғашында тизер ғана түсіру жоспарда болғанымен, кейін толық метр түсірілетін болған.


Жіберіп алмаңыз:

Гүлнәз Жоланова өз қолымен “чак-чак” әзірледі (видео)

Гүлнәз Жоланова Кореяға не үшін барғанын айтты

“Қазақ аруы” байқауынан кейін бағы жанған сұлулар

Актриса Гүлнәз Жоланова байқау ұйымдастырып, жеңімпазды бір күнде анықтады

Қазақ аруы атанған Гүлнәз Жоланова жуырда ұзатылады

Талқылау