Қазақ аруы атанған Гүлнәз Жоланова жуырда ұзатылады

Бейсенбі, 25 Ақпан , 2016 19:12

Бұл жаңалықты естіген жігіт қауымының тынысы тарылып, қол жетпей жүрген сүйіктімнен айырылдым деген ойға қалған болар. Алайда асықпаңыз, Гүлнәз шынайы өмірде емес, Арман Дүйсеновтың кезекті бейнебаянында қалыңдық образына енді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Арман Дүйсенов өзінің инстаграмдағы парақшасында “Бүгін “Арман” атты Асқар ағамның өлеңіне жазылған өзімнің орындауымдағы тағы бір əніме бейнебаян түсірдік. Əуелі Алла, қала берді “Гəкку-Entertainment” – компаниясына, ардақты ағаларым – Нұрлан Абдуллин, Нұржан Тутов, жеңгем – Гүлшат Тутова, қарындастарым – Салтанат Қалиева, Гүлнәз Жоланова, Баян Есентаева, Сaнди Бексырға, бауырларым – Тимур Балымбетов, Али Бейсеков және ұжымы, “Орнат” рестораны және өзге де барлық əріптестеріме, отбасыма, демеушілік көрсеткен достарыма деген алғысым Шексіз!”, – деп жазып, жұмыла көтерген жүктің қайтарымы болатынын тілге тиек етті.

11

Арман Дүйсенов жақын уақытта екі бірдей әніне бейнебаян түсіріп, оны көрермендерге ұсынуды жоспарлап отыр. «Жан қызым» бейнебаянында актриса Гүлнәз Жоланова қалыңдықтың рөлін сомдайды. Ал ата-анасының рөлі Нұрлан Абдуллин мен Салтанат Қалиеваға тиесілі болды. Келесі бір “Арман” атты бейнебаянында қалыңдық ұзатылады. Бұл бейнебаянның да басты рөлі Гүлнәз Жолановаға бұйырды.

1444753818_bnz8w8iruna1

Естеріңізге сала кетсек, Гүлнәз Жоланова “Қазақ аруы-2014” байқауының жеңімпазы, “Махаббатым жүрегімде” телехикаясында басты рөлді сомдайтын актриса әрі тележүргізуші. Бір кездері актрисаны Тәуекел Мүслімге қосқан болатын. Әзірге актриса отбасын құруға асықпайтын сыңайлы.

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОҚЫҢЫЗ:

maxresdefaultАктриса Гульназ Жоланова освоила игру на домбре ради фильма о Нургисе Тлендиеве

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар