Гүлнәз Жоланова Кореяға не үшін барғанын айтты

Бейсенбі, 21 Сәуір , 2016 17:10

Күні кеше жұрт “Гүлназ Жоланова Кореяға мұрнына пластикалық ота жасату үшін кетті” деп шулаған-ды. Алайда аталған елге актриса басқа мақсатпен барған.

image

Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Гүлназ Жоланова аталған елге не себепті барғанын өзі айтып берді. Дәл қазір актриса Корея емдеу орталықтарының бірінде косметологиялық процедуралар жасатып жатыр. Сөзіне сенсек, пластикалық ота жасату ойында да болмаған. Тек бет терісін тазартып, оған ерекше күтім жасағысы келген екен. Ал Кореяда ем алуға құрбысы кеңес берген.

12912690_1711595005776218_1746937783_n

12918017_1008216955936418_357954787_n

12976197_1608243546166798_1963355155_n

Жоланова мемлекеттегі сапалы ем жасайтын салондар туралы мәлімет беретін орталықтың көмегіне жүгініп, артынша Канг Джон Им есімді косметолог маманға қаралуды жөн көрген.  “Бетіме жасаған процедуралардан кейін терім сәбидікіндей жұмсақ күйге енді. Жақында жақсы жаңалықтарыммен бөлісетін боламын”, – дейді актриса.

12965630_822513934521271_846780684_n

12383162_1025569860824535_603357826_n

Актриса емделіп қана қоймай, Корея мемлекетінің ең көрікті жерлерін аралап үлгерген екен.

2014 жылы Маңғыстау облысының атынан барған Гүлназ Жоланова “Қазақ аруы” байқауының жеңімпазы атанған болатын. Небары 20 жастағы ару – Ақтаудағы экономикалық лицейдің түлегі. Ол «Махаббатым жүрегімде» телехикаясында басты рөлді сомдады. Бұдан өзге «17+» телехикаясына түсіп, көрермендер көзайымына айналды.


Оқи отырыңыз:

“Қазақ аруы” байқауынан кейін бағы жанған сұлулар

Актриса Гүлнәз Жоланова байқау ұйымдастырып, жеңімпазды бір күнде анықтады

Қазақ аруы атанған Гүлнәз Жоланова жуырда ұзатылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жанар says:

    Гульназ сіз өте əдемісіз. Тауекел Муслим екеуініз жаксы жупсыздар.

  • Жұмбақ жан says:

    осылар ақшаны қайдан алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар