Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақ аруы” байқауынан кейін бағы жанған сұлулар

“Қазақ аруы” байқауы жеңімпазының болашағы жарқын болары сөзсіз. Бірі телебағдарламалардан бой көрсетсе, енді бірі Есентайпродакшн фильміне түседі. Бұдан өзге олардың арасында өз жолын тауып, қалаған ісімен айналысқан жандар да жоқ емес.

image

«Қыз өссе – елдің көркі» деп бабаларымыз айтқан өнегелі сөздің астарында халқымыздың қыз баласын сұлулық пен нәзіктікке балайтынын байқауға болады. Қыз баласы қашан да әсемдіктің нышаны болған. Мұны белгілі продюсер де ескерген-ді.

Баян Есентаеваның бастамасымен осымен алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған «Қазақ аруы» байқауына сыртқы келбеті мен ақылы үйлескен сұлу қыздар қатысты. Олардың әрқайсысы – ақыл мен тәрбиені бойына қатар сіңіріп, халқымыздың құндылықтарын ардақтай білген сұлулар.

Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылы Ләззәт Қалдыбекова, 2012 жылы Айғаным Өтепбергенова, 2013 жылы Әйгерім Қанатбаева, 2014 жылы Гүлназ Жоланова «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы атанған еді. Былтыр тәж Қоскелова Кәмшат Бергенқызына бұйырса, биыл “Қазақ аруы” деген атқа Әлмира Ахатова лайық болды.

8888

Ләззәт Қалдыбекова Қазақстанның әр қаласынан жиналған 500-ге тарта бойжеткендердің ішінен суырылып, “Қазақ аруы-2011” байқауының жеңімпазы атанған болатын. Ол байқауға қатыспас бұрын Халықаралық “Бозторғай” фестивалінің жүлдегері, “Театр көктемі-2010” фестивалінің “Тұсау кесер” номинациясының иегері атанып үлгерген екен. Ләззат Қалдыбекова 2007 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына қабылданған. Мұхтар Әуезовтің “Абайында” Мағыш,  Тынымбай Нұрмағанбетовтің “Қожанәсір тірі екенінде” Зүлейха,   Дулат Исабековтың “Жаужүрегінде” Ғалия, Исрайл Сапарбайдың “Қыз мұңында” Сағыныш, Гогольдің “Үйленуінде” Агафья Тихоновна, Мәмесейіттің “Бәкей қызында” Бәке, Сәрсекенің “Тендерге түскен келіншегінде” Кезбе, Ғайыптың “Мен ішпеген у бар ма?…” қойылымында Нұрғаным, Оразалиннің “Шырақ жанған түнінде” Нұргүл сынды кейіпкерлерді сомдайды. Қазір де аталған театрдың актрисасы.

1aa

Ал 2011 жылы сақ үлгісінде көмкерілген күміс тәж, гауһар тасты алқа мен телеарналардың бірінде бағдарлама жүргізу мүмкіндігін алматылық сұлу Айғаным Өтепбергенова иеленген болатын. Қазақ аруы өзінің жеңісін ата-анасына арнайтындығын, олар болмаса, бұндай бақытқа бөлене алмайтындығын айтқан еді. Айғаным Өтепбергенова тұрмысқа шығып, халық көзінен таса болған-ды. Алайда ару уақытты бос өткізбей продюсерлікпен айналысқан. Мұнымен қатар, “Эйфория” шоу-балетіне жетекшілік етіп, алдағы уақытта жеке бизнесін бастауды жоспарлап отыр. Ал бизнес түрінің қандай болатындығы әзірге құпия.

02xuAtDlqXI2

Айгерім Қанатбек – Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Экономика факультетінде білім алған. Ол сахнаға жүргізуші ретінде шығып, түрлі сұлулық сайысына қатысқан. Сүйкімді қызды бірінші курста оқып жүрген кезінде-ақ мерекелік кештерді жүргізуге шақырады. 2010 жылдың қаңтар айында «Қызылорданың жаңажылдық аруы» атағын жеңіп алады. 2010 жылдың наурыз айында қалалық Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйінде өткен “Ақмешіт аруы-2011” сайысында бас жүлдені иеленеді. Бос уақытында ән айтады. “Мен университетті тәмамдаған соң мамандығыма қатысты мемлекеттік мекемеде жұмыс істеймін. Өнерге жақын болғандықтан, эстрадалық әндер шырқайтын боламын”, – деп өзіндік жоспарларымен де бөліскен-ді.

2-2

2014 жылы елдің ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Нәтижесінде Маңғыстау облысының атынан барған Гүлназ Жоланова жеңімпаз атанды. Небары 20 жастағы ару – Ақтаудағы экономикалық лицейдің түлегі. Гүлназ Жоланова «Махаббатым жүрегімде» телехикаясында басты рөлді сомдады. Бұдан өзге «17+» телехикаясына түсіп, көрермендер көзайымына айналды. Гүлназ: “Шынымды айтсам, камераға көп қатысы жоқ адамға берілген образды сомдау қиынға соғады екен. Сын түзелмей, мін түзелмейді демекші, өзімнің қателерімді де байқаймын”, – деп сұхбаттарының бірінде ағынан жарылды.

камшат

«Қазақ аруы-2015» байқауының финалы Астанада өтті. 21 жастағы Кәмшат Қоскелова жеңімпаз атанды. Кәмшат осы күнде Гумилев атындағы Еуразиялық университетін тәмамдады. Экономика факультетінде Туризм мамандығында оқыған болатын. Мұнымен қатар, «Астана Опера» театрының басты залында администратор болып қызмет жасаған.

Баян Есентаеваның айтуынша, жеңімпаз қазылар алқасын өзінің әсемдігімен жаулап алған екен. Ол туралы Баян Есентаева: «Біз жеңімпазды таңдаған кезде талант, сұлулық, ақыл сынды қасиеттерді ұштастыруға тырысамыз.  Ал Кәмшат монологы арқылы өзін тамаша қырынан көрсетті”, – дейді. Дәл қазір “Қазақ аруы – 2015” Кәмшат Қоскелова өзін бірнеше бағдарламаларда жүргізуші қырынан және мюзиклде актриса ретінде көрініп жүрген ару.

ахатова

Биыл алтын тәж бұйырған ақылына көркі сай бойжеткен Атырау қаласының тумасы. Медицина университетінің 3-курс студенті. “Бастапқыда 600 арудың, кейін 21 арудың ішінен суырылып шығу маған оңай болмады. Өйткені осында тұрған әрбір ару жеңіске әбден лайық. Түйсігім жеңетінімді сездірсе де, іштей күмәндандым. Бірақ қалауым күшті болып, қазір жеңісіме шексіз қуанып отырмын”, – деді бойжеткен журналистерге берген сұхбатында.

Еліміздің ең сұлу аруларын болашақта түрлі саладан көруіміз мүмкін екені сөзсіз.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін “Қазақ аруы-2016” байқауының жеңімпазы анықталғаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан аруы: Жіберіп алмаңыз:

miss-300x158Голосование. Қазақ аруы или Мисс Казахстан: кто красивее?

Талқылау