«Қазақ аруы 2016» байқауының жеңімпазы белгілі болды

Сәрсенбі, 16 Наурыз , 2016 23:04

Әр жыл сайын республикалық деңгейде өтетін “Қазақ аруы-2016” сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды.

2151f1487f3f7affac35478031b01da1

Сурет: bnews.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Кеше еліміздің ең танымал жобаларының бірі «Қазақ ару-2016» байқауының жеңімпазы анықталды. Сайыста бас жүлдені Ақжайықтың ерке қызы Альмира Ахатова иемденді. Ал, бірінші орын Астаналық Сәбина Теңбайға бұйырса, екінші орынды да еліміздің бас қаласының тумасы қанжығалады. Сонымен қатар, «Ең әдемі көйлек» номинациясы «Аруназ» сән үйіне табысталды.

Додада қыздар саналуан өнерін көрсетті. Қазақ аруының бойында сұлулық пен биязылық, әдептілік пен нәзіктік ғана емес, сонымен қатар, қазақ қызына тән барлық қасиет болуы керек. Сайысқа түскен 21 сұлудың барлығы да осы сипаттарға сай келеді.

_SAM0428 (1)

Суреттер: stan.kz

_SAM0535 (1)

_SAM0785

_SAM0828 (1)

– Бүгінгі қазақ қызы – бұл қайталанбас құбылыс. Бір жағынан ол заманауи үлгіде киініп, шаш қойып, боянып, батыстың бойжеткендеріне ұқсаса, екінші жағынан біздің бұрымдылардың бойындағы нәзіктік, инабаттылық, тәрбиелілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу – нағыз шығыстың аруына тән қасиеттер. Осы бір тамаша синтез қазақ қызын қашанда бір сатыға жоғарылата түскені анық. «Қазақ аруы» байқауының да басты мақсаты – осы бір даралықты дәріптеп, оны әйел даналығына жалғастыра түсу – дейді «Қазақ аруы» республикалық сұлулық байқауы ұйымдастырушысы Баян Есентаева.

Жобаның шарты бойынша алғашқы турда қыздар танысып, көрерменге отандық дизайнерлердің тамаша топтамаларын көрсетсе, екінші турда өз өнерлерін паш етті. Қатысушылардың тоқсан пайызы сахнада ән салып, би билеп, актерлік шеберлігін көрсетумен болды, тек жеңімпаз атанған Альмира ғана Абайдың барлық өлеңдерін жатқа білетіндігімен ерекшеленді.

_SAM0667

_SAM0669

_SAM0744

_SAM0617 (1)

Сайыстың соңында қыздардың білімі мен зияткерлігі сынға түсті. Бұл турда аруларымыз қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өздерінің қазақтың салт-дәстүрі мен тарихынан хабары бар екендігін дәлелдей білді.

Бас жүлдені иемденген Альмира Ахатова Атыраудың тумасы. 19 жасар бойжеткен мектепті «Алтын белгіге» бітірген. Бүгінде Астана Медицина университетінің 3 курс студенті. Бос уақытында кітап оқып, шет тілдерін үйренеді, сондай-ақ спортпен шұғылданғанды жаны сүйеді екен.

_SAM0485

_SAM0450

_SAM0492 (2)

_SAM0778 (1)

_SAM0495

– Қазақта «Әдемі қыз-көзіңе жақын, әдепті қыз-көңіліңе жақын» деген сөз бар. «Қазақ аруы» байқауының бар болмысын ашып тұрған сөздер едім мен. Сайыстың басты құндылығы – қазақ қызы деген абыройлы, асқақ есімнің жастар санасындағы ғажап бейнесін қалыптастырудағы орасан зор рөлі, нақты қадамдары. Мен де өз кезегімде осындай игі іс-шараның кішкене де болса бөлшегі болғым келді, – дейді «Қазақ аруы» Альмира.

_SAM0866 (2)

_SAM0877 (3)

Айта кетейік, Гранпри иегері Алтын тәжбен қатар Аида Кәуменовадан дизайнерлік көйлек сыйға алды.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Есентаева қазақ қызының сахнада бикини киіп жүргенін қылмыспен теңегені туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан аруы: Жіберіп алмаңыз:

miss-300x158Голосование. Қазақ аруы или Мисс Казахстан: кто красивее?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар