Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлназ Жоланова күйеуге шыққанын жоққа шығарды

Гүлназ Жоланованың бүгінде басы бос. Әйтсе де, актриса ұсыныс түссе, бас тартпауға бекінген. Кино саласының жұлдызын көпшілік актер Аян Өтепбергенмен қосады. Тіпті, актер мен актрисаны үйлендіріп қойғандар да бар.

Гүлназ Жоланова

Әйткенмен Жоланова тұрмысқа шықпағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Түнгі студия” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Қоғамға бір пайдамды тигізейін деген арманым бар. Күйеуге армандамай-ақ шығармын. Бұйырған уақытта. Әзірге ешқандай ұсыныс жоқ. Әрине, уақытында шығу керек. Оны армандап, күнде ойлаудың қажеті жоқ сияқты. Бәрі өз сәтімен келетін кезең”, – дейді Жоланова.

Бұдан бөлек, Гүлназ “Бизнес по-казахски в Африке” фильмінің түсірілімі жайлы айтып берді.
“Мен продюсер, режюссер емеспін, тек қана актрисамын. Дегенмен түсірілімді көргендіктен, өзімнің болжамым бар. Сәтті болатын сияқты. Себебі қарама-қайшылық бар. Бұған дейін озық Америка еліне барып, өздерін көрсетіп келсе, бұл жолы өркениет жоқ елге барып келді. Контраст, қара адамдар. Әрі Нұрлан Африкада фильм түсіріп жатқан алғашқы қазақ”, – дейді Гүлназ.

Актриса алғаш рет фильмнен қанша пайда тапқанын жариялады. Ол небәрі 5 күнге созылған түсірілім күнінен 2 миллион теңгеге жуық гонорар алған екен.

“Түсірілім күнім аз болды. Дегенмен 3-4 жылқының құны шығады”, – дейді актриса.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр