Футзал Еуро-2026: Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында ұтылып қалды
Фото: KFF
Қазақстан футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама беретін плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынын Италияда өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу "Palasport Fasano" спорт кешенінде өтіп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші таймда қазақстандықтар белсенді ойнап, бірнеше мүмкіндік жасады. Дегенмен 15-минутта Джованни Пульвиренти италиялықтарды алға шығарды.
Үзілістен кейін Юлио Де Оливейра есепті еселей түсті. Қазақстан құрамасы сапынан Шыңғыс Есенаманов 32-минутта бір гол соғып, үміт сыйлағанымен, есеп өзгермеді.
Айта кетейік, жауапты кездесу 23 қыркүйекте Астанада өтеді. Бұл матч Еуропа чемпионатына қай құрама жолдама алатынын анықтайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

