Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Әлем чемпионаты: Топтық кезеңнің екінші туры аяқталып, үш команда плей-оффқа жолдама алды

28 қараша күні Катарда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының екінші турының соңғы ойындары өтті. Португалия мен Уругвай құрамалары Н тобындағы ойынмен топтық кезеңнің екінші турының ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Катар футбол 2022

Эд-Дайиандағы "Лусаил" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен еуропалық құраманың жеңісімен аяқталды. Екі голды да 54-минутта дәл соққы жасап және негізгі уақыттың соңында пенальтиді сенімді орындаған Бруно Фернандеш салды.

Осылайша алты ұпай жинаған португалиялықтар мерзімінен бұрын 1/8 финалға өтті. Бұл топтағы Ганада үш ұпай болса, Уругвай мен Оңтүстік Кореяда бір ұпайдан бар.

Соңғы турда португалдықтар оңтүстік кореялықтармен, ал Уругвай құрамасы Ганамен кездеседі.

Бразилия құрамасы топтық кезеңінің екінші турындағы ойында Швейцария құрамасын жеңіп, плей-офф кезеңіне шығуға кепілдік алды.

G тобындағы кездесу 1:0 есебімен бес дүркін әлем чемпиондарының пайдасына аяқталды. Бұл кездесудегі жеңіс голы 83-минутта соғылып, оны Манчестер Юнайтедтің жартылай қорғаушысы Каземиро салды.

Осылайша, Бразилия алты ұпай жинады. Швейцарияның үш ұпайы ал Камерун мен Сербияның бір ұпайы бар.

Соңғы турда бразилиялықтар Камерунмен, ал Швейцария Сербиямен ойнайды.

Сонымен қатар Франция құрамасы топтық кезеңінің екінші турында Данияны жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты.

Жеңімпаздар сапында Киллиан Мбаппе дубль жасаса, даниялықтар сапында голды Андреас Кристиансен (2:1) соқты. Топтағы екінші жеңісінің арқасында француздар алты ұпай жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Осы топтағы екінші ойында Тунис күтпеген жерден екінші орында тұрған Австралиядан жеңіліп қалды (0:1).

Соңғы турда Франция Туниспен, ал Дания Австралиямен күш сынасады.

Талқылау