Freedom Holding Corp. америкалық Prime Executions Inc. брокерін сатып алады
Freedom Holding Corp. 2020 жылғы 18 желтоқсанда Қаржы институттарының қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің (FINRA) тарапынан тұрақты мүшелік құқығына өтінімді мақұлдағаннан кейін Prime Executions Inc брокерлік-дилерлік компаниясын сатып алады. Мәмілені жабу отыз күнтізбелік күн ішінде жоспарланады. Prime Executions компаниясына сатып алу Холдингтің әлемдік орнын кеңейтіп, АҚШ-та дамуы үшін жағдай жасайды.
"Біз Prime Executions Inc. компаниясын сатып алғанымыз жайында қуана хабарлаймыз. Бұл компанияның Нью-Йорк қор биржасында беделі жоғары әрі біз соңғы 30 жылда клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсететін, нарықтың мықты брокерлері мен сарапшыларынан құралған командамен жемісті ынтымақтастық қатынасқа үміттенеміз. Аталған мәміле Freedom Holding Corp. үшін маңызды жағдай. Себебі бұл мәміле арқылы біз АҚШ нарықтарына шыға аламыз және сәйкесінше, өз клиенттерімізге нарықтық мәмілелерді тиімді әрі уақтылы жасайтынына кепілдік береміз. Біз үшін бұл – үлкен мақтаныш, себебі қадағалауға жауапты америкалық реттегіш АҚШ-тың ішкі нарығының клиенттерімен жұмыс жасауға мүмкіндік тудырып отыр. Prime Executions Inc. компаниясын сатып алып, АҚШ және Еуразия нарығының қатысушыларына нарықаралық қаржы мүмкіндіктерін ұсына отырып, өз бизнесімізді кеңейте аламыз деген үміттеміз", - дейді СЕО, Freedom Holding Corp. Тимур Турлов.
Холдинг Prime Executions Inc. компаниясының айналыстағы акцияларын Компанияның Директорлар кеңесі мүшесі ретінде жұмысын жалғастырушы Эндрю Сильверманнан және Дэниель Тэндиден сатып алды.
Prime Executions Inc. компаниясының Президенті және Бас атқаршуы директоры лауазымына Роберт Вотзяк тағайындалды. Вотзяк мырзаның NYSE басқарушы лауазымдары кіретін, капитал және әкімшілік басшылық ету нарықтарында консультация беруде 30 жылдық тәжірибесі бар. Роберт Вотзяк компанияда соңғы екі жылда консультант ретінде қызмет атқарды және Президент лауазымында бизнесті одан әрі дамытумен айналысады.
Бір айта кетерлігі, Freedom Holding Corp. компаниясы MSCI U.S. Small Cap 1750 және MSCI U.S. Investable Market 2500 индекстеріне кіргізілген болатын. MSCI U.S. Small Cap 1750 индексі аз капиталдандыру сегментінің тиімділігін өлшейді. Ол 2003 жылғы 27 наурызда іске қосылды және АҚШ-тың қор нарығында анағұрлым кең U.S. Investable Market 2500 индексінде қалған ең аз 1750 компаниядан тұрады. Әйгілі қор индексінің тізімінде болу - Freedom Holding Corp компаниясының мойындалғанын және оған деген халықаралық деңгейде сенімділікті білдіреді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
