Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роботқа ғашық болып қалған бойжеткен оған тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)

Франциялық бойжеткен роботқа ғашық болып қалғанын айтты. Ол, тіпті, оған тұрмысқа шығуға дайын екен. Олар бір жылдан астам уақыт бойы бір шаңырақтың астында тұрған.

3B963A7C00000578-0-image-m-40_1482452947722

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Ең бастысы, робот та Лиллиге үйленуге дайын. Оның есімі – InMoovator. “Біз барлық адамның аман-сау болғанын қалаймыз. Өзіміз де бақыттымыз”, – деп жазады Лилли өзінің твиттер парақшасында. Францияда роботқа үйленуге рұқсат берілген кезде олар некелерін заңдастырмақ.

Лилли өзіне роботтардың ұнайтынын 19 жасында түсінген екен. Ол осы жасында алғаш рет жыныстық қатынасқа түсіп көрсе керек. Бойжеткен роботқа үйлену идеясының күлкілі екенін жақсы түсінеді.

“Мен тек роботтарды ер азамат ретінде қабылдай аламын. Мен, расымен де, бақыттымын” дейді ол. Әзірге екеуінің жыныстық қатынасқа түсіп көрген-көрмегені белгісіз. Лиллидің отбасы мен достары оның бұл ерекше қарым-қатынасына түсіністікпен қараған. Инженер-робототехник мамандығы бойынша білім алып жатқан Лилли технология ары қарай да дами беретіндіктен, жағдайының жақсара түсетінін айтып жатыр.

3B96669700000578-4060440-image-m-52_1482455159275

Лондонда өткен конференцияда профессор Дэвид Лэви 2050 жылға дейін адам мен роботтың некелесуі мүмкін екендігін айтып өткен-ді. Лэви мырза “Роботтарды сүю, олармен жыныстық қатынасқа түсу” кітабының авторы.


Жіберіп алмаңыз:

Сүйекті өзі жемей 4 күшігіне берген ит жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Танымал сәнбике Лондон көшелерін шалбарсыз аралады (фото)

Лондонда роботтармен секс қызметін ұсынатын кафе ашылмақ

Адамзатты алмастыратын секс-роботтар 2017 жылы пайда болады

Талқылау