Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондонда роботтармен секс қызметін ұсынатын кафе ашылмақ

Брэдли Шарве есімді кәсіпкер Лондонда кафе ашып, онда кофе беруді ғана емес, оралді секс ұйымдастыруды жоспарлауда. Өзінің бұл жоспары жайлы ол Huffington Post басылымына айтып берді.

a853fbbff73fdb87c1685486096bab3f

Кафе Тайландағы секс-кафелердің көшірмесі іспетті болмақ. Басты айырмашылы, Ұлыбританияда жезөкшелер үйін ұйымдастыруға тыйым салынады. Сондықтан ол жезөкшелердің орнына роботтарды пайдаланбақ.

Бастапқыда кәсіпкер кафені Женевада ашпақ болыпты. Алайда, біраз қиындықтар туған. Швейцария елінде тамақтану қызметімен бірге интимді қатынас ұсынуға рұқсат бермейді екен. Осыдан соң кәсіпкер секс-қуыршақтарды қолдануға бел байлады.

Ол секс-қуыршақтар шығаратын MySiliconeLoveDoll компаниясымен бірлесіп жұмыс істейтінін, бір қуыршақтың бағасы мың доллардан бастап 3 мың долларға дейін баратынын айтты.

«Біз 2016 жылы адамдар арасында сауалнама жүргізіп, роботтармен қатынас болу ұсынысын айтып көрдік. Мыңдаған тұрғын бұл ұсыныстан бас тартпайтындарын айтты», – дейді ол.

Секс-кафе таңғы сағат 6-дан бастап түнгі 23:00-ге дейін қызмет етеді. 15 минуттық сеанстың бағасы 60 фунт (30 мың теңгеге жуық) болмақ. Оған қоса кофе мен оралді секс ұсынылады. Өзгелердің көзіне түскісі келмейтін клиенттер үшін жабық екі кабина жасалады. Ал, қалғандарына бар алдында тұрып қызмет етеді.

Жіберіп алмаңыз:

Алғаш рет әйелдерге арналған секс-қуыршақтар шығарылды (фото)

Секс-қуыршақтармен тұратын еркектердің өмірі (фото)

Қазақстанда әйелдер күйеулеріне секс-қуыршақтарын өздері алып беретін болған

Талқылау