ForteBank: Біздің мақсат – Қазақстанның мүддесі мен экономикасына қызмет ететін клиенттермен жұмыс істеу
ForteBank қайта қаржыландыру, ішінара немесе толық кешіру және кредиттің шетелдік валютасын ұлттық валютаға ауыстыру арқылы шамамен 12 мың қарыз алушыға қолдау көрсетті. Одан бөлек, банк өтеушілердің негізгі қарызы, сыйақы және айыппұлдар бойынша 265 млрд теңге қарызын кешірді. Осы және өзге де ForteBank –тің қызметіне қатысты жаңашылдықтар туралы банк өкілдері айтып берді.
ForteBank қайта қаржыландыру, ішінара немесе толық кешіру және кредиттің шетелдік валютасын ұлттық валютаға ауыстыру арқылы шамамен 12 мың ипотекалық қарыз алушыға қолдау көрсетті. Одан бөлек, банк өтеушілердің негізгі қарызы, сыйақы және айыппұлдар бойынша 265 млрд теңге қарызын кешірді. Осы және өзге де ForteBank –тің қызметіне қатысты жаңашылдықтар туралы банк өкілдері айтып берді.
"Биыл қаңтардан бастап ForteBank-ты басқарып келемін. Бұл менің осымен төртінші жұмыс орным. Енді не үшін Қазақстанға келдім деген сауалға жауап берсем. Банк саласында біраз жылдар еңбек етіп келемін, маған бір жаңашылдық, өзгеріс керек болды. Осы орайда маған жұмыс туралы ұсыныс түсті, мен оны қабылдадым. Осы уақыт аралығында 2 үлкен оқиға болды. Алғашқысы – Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы. Екінші жайт, Украинадағы саяси жағдай. Біраз дүние өзгерді, әлі де өзгеріп жатыр. Геосаяси жағдай мен санкцияларға байланысты көптеген ірі кәсіпорындар, аудиторлық, менеджменттік және консалтингтік компаниялар жабылып, қызметкерлерін қысқартып жатыр. Солардың қатарында қызметін Қазақстанда жалғастыруға ниеттілер бар. Менің ойымша, кейбір компаниялардың осында келуі, Қазақстан үшін тиімді болмақ", – деді "ForteBank" АҚ-ның басқарма төрағасы Рейнис Рубенис елордада өткен брифингте.
Сондай-ақ, банк төрағасы банктің қызметін жетілдіру мен жетістеріне тоқталып өтті.
"Соңғы уақытта ForteBank клиенттерінің саны бірнеше есеге арта түсті. Себебі біз үздік банкпіз деп айта аламын. Біз клиенттеріміз үшін тұрақты әрі сенімді банк қызметін көрсетуді одан әрі жалғастыра бермекпіз. Біз комплаенс бағытында конструктивті саясат ұстанамыз. Ресей үшін офшорлық банк болмаймыз деген шешім қабылдадық. Біздің мақсат – Қазақстанның мүддесі мен экономикасына қызмет ететін клиенттермен жұмыс істеу", - дейді спикер.
Бүгінде ForteBank қызметін цифрландырудың арқасында заңды және жеке тұлғалар үшін шоттарды лезде ашады.
Өткен жылы банк шағын және орта бизнеске қызмет көрсету процесін 100 пайыз автоматтандырды. Осылайша нарықта жаңа ForteBusiness интернет-банкингі пайда болды.
"Біздің мобильді қосымшаның бірегейлігі мынада – бір авторизация арқылы онлайн форматта клиенттің карточкасы құрылады, клиенттің таңдауы бойынша төрт валютада шоттар ашылады, цифрлық корпоративті карталар шығарылады, компанияның лицензиясы болуына, оның барлық мемлекеттік органдағы дәрежесіне тексеру жүргізіледі. Нәтижесінде, 2022 жылдың алғашқы тоқсанында жаңа ашылған ЖК мен ЖШС шоттарының 70%-тен астамы онлайн ашылды. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 0 тең болды", – дейді Басқарма төрағасының орынбасары Нурумбет Шолпан.
"Банк бөлшек бизнес клиенттері үшін мобильді қосымшаны жетілдіру жұмысын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бүгінде төлем карталары және кепілсіз кредитке өтінім беруді банк бөлімшесіне бармай-ақ, қосымша арқылы ресімдеуге болады. Аталған шара нарықта қалыптасқан жағдайға байланысты, соңғы айда саны күрт өскен сұранымдарды тез өңдеуге және клиенттік базаны ұлғайтуға мүмкіндік берді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында мобильді қосымшаны пайдаланған адамдардың саны 7,5%-ке өсті. Ал кредит портфелі 6%-ға немесе 18 млрд теңгеге дейін ұлғайып отыр. Сонымен қатар белсенді карталардың саны 660 мыңнан асып түсті", - дейді ForteBank басқарма төрағасының орынбасары Бекжан Пірматов.
Банк өкілдері ұсынған дерекке сәйкес, биылғы жылдың бірінші тоқсанында ForteBank-тің активтері 6,8%-ке яғни 2,6 трлн теңгеге дейін өсті.
Кредиттік және депозит портфелдері 10,9%-ке және 8,9%-ке 915 млрд теңгеге дейін және шамамен 2 трлн теңгеге дейін өсті. Одан бөлек, тоқтатылған қарыздардың үлесі 4,8%-ті құрады.
"Биыл бірінші тоқсанда корпоративтік сегменттегі кредит және депозит портфелдері 256 млрд және 822 млрд теңгеге дейін өсті. Яғни 34% және 22%-ды құрайды. Геосаяси факторлар мен ел ішіндегі трансформациялардың арқасында банк секторы үшін белгісіздік факторларының және тәуекелдің күрт өсуіне алып келді. Осыған байланысты біздің банк инвестициялау мен қаржыландыруды ұсынуда консервативті саясат ұстанып, абай бола түсті. Еліміздегі қаржылық тұрғыдан тұрақты кәсіпорындарды қаржыландырудың нәтижесінде несие портфелінің мөлшері ұлғайды", - деді басқарма төрағасының орынбасары Айдын Әуезханов.
Оның айтуынша, санкциялар салдарының алдын алу мақсатында, ForteBank-те комплаенс-бақылау үрдісі күшейтіліп, қатаң тексерілетін операциялардың тізбесі кеңейтілген.
"Сәуірдің 12-жұлдызында Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі "ForteBank" АҚ-ның тұрақты капиталдануын, пайдалылығын және өтімділігін кезекті рет растады, осылайша Агенттік Банктің рейтингі мен "Ва2" деңгейін "тұрақты" бағасымен бекітті. Сәуірдің 1-де өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 2021 жылы бойынша 64 млрд. теңге мөлшеріндегі таза табысты бөлмей, Банкке қалдыруға шешім шығарылды", - деп Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Алия Дыканбаева айтып өтті.
Айта кетсек, ForteBank – Қазақстандағы ірі бес банктің қатарына жатады. Бүгінде елімізде аталған банктің 20 филиалы мен 85 бөлімшесі жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, банк бірнеше рет жетекші халықаралық басылымдардың наградаларына ие болды.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
