"Ескі үйдегі тұрғындар жаңа қонысқа көшеді": "Алтыналмас" компаниясы әлеуметтік бастамасымен Ақсу тұрғындарын қуантуда
"Алтыналмас" алтын өндіруші компаниясы жұмысшылар мекендейтін Ақсу ауылының дамуына бар күш-жіерін салып, үлес қосуда. Мұнда 2021 жылы Ақсу алтын өндіретін жаңа нысан іске қосылғаннан кейін айтарлықтай өзгерістер мен жаңғырулар орын алып жатыр. Компания өз кезегінде тұрғындардың жайлы әрі дамыған құтты мекенде қамсыз өмір кешуі үшін көптеген шаралар жасап жатыр.
Тарихқа көз жүгіртсек, алғашында Ақсу ауылы алтын өндіруші жұмысшыларға арналған уақытша баспана ретінде құрылған. Алайда қазір бұл ауыл іргетассыз саман кірпіштен жасалған ескі тұрғын үйлерден тұрады.
Инфрақұрылым жақсартып, тұрғын үймен қамтамасыз ету
2019 жылдан бастап “Алтыналмас” серіктестігі санитарлық-қорғау аймағында (СҚА) орналасқан ескі үйлерді сатып алуда. Ал иелеріне олардың нарықтық бағасынан еселенген лайықты өтемақы төленді. Бұл қаражат тұрғындарға Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінен жайлы тұрғын үй сатып алуға керемет мүмкіндік берді.
Компания ескі баспанасын сатып алған Лариса Шарик бұл ауылды 23 жылдан бері мекен еткен.
"Бұған дейін қалада тұрдым. 2000 жылы ондағы үйімізде жылыту маусымында ыстық су да, жарық та қосылмай, адамдар көше бастады. Соның салдарынан ызғар басқан тоғыз қабатты үйде ешкім қалмай, амалсыздан ауылға көшуге мәжбүр болдық.
Ал мұндағы ескі үйдегі көршілерім өткен жылы жаңа орынға көшті. Соны көріп биыл менің де кезегім келер деп үміттенген едім. Үмітімнің ақталғанына қатты қуаныштымын. Енді жоспарлар көп. Қазірдің өзінде жаңа пәтер іздеп жүрмін. Немерелерімді сонда өсіргім келеді. Осы мүмкіндіктің арқасында біз енді жоспарларымызды жүзеге асыра аламыз", – деді Лариса Шарик.
Қамбар Хуанган есімді тағы бір тұрғын мұнда 90-жылдары көшіп келгенін жеткізді. Айтуынша, әкесі Степногорск қаласында өндірісте жұмыс істеген.
“Өзім де осында тұрып, жұмыс істеймін. Үй ескі болғандықтан, 50-жылдары салынған, жарылған. Комиссия құрылып, баға берілгеннен кейін компания үйімізді сатып алды. Бізге жақсы жағдайлары бар жаңа баспана алу мүмкіндігін бергені үшін Алтыналмасқа алғыс айтамыз. Өйткені бұл екі кішкентай қызымыздың болашағына салынған инвестиция",- деді Қамбар Хуанган
Стандарттар мен қауіпсіздік шараларын сақтау
"Алтыналмас" компаниясы жұмысының маңызды аспектілерінің бірі – барлық қажетті стандарттар мен қауіпсіздік шараларын сақтау. Ақсу тау-кен байыту кешеніндегі барлық жұмыстар бекітілген жобаға қатаң сәйкес келеді. Бұрғылау-жару жұмыстары арнайы құралдармен мамандардың бақылауында жүргізіледі.
Әлеуметтік жауапкершілік пен болашаққа инвестиция салу
"Алтыналмас" компаниясы өңірдің дамуына белсенді атсалысуға ұмтылады. Бюджетке салық төлеп қана қоймай, ауылдарда, соның ішінде Ақсуда да әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруда.
2022 жылы компания Ақсу ауылына 89,4 млн теңге инвестиция салды. Атап айтқанда, бұл қаражатқа жарықтандыру бағаналары орнатылып, қоқыс контейнерлері алынды, мектеп спорт алаңы салынып, Ақсу қаласының №1 орта мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл жергілікті тұрғындардың, ауыл белсенділерінің және аудан әкімі М.И.Смағұловтың қатысуымен компания Ақсу ауылын көркейтуге инвестициялауды жалғастыруда. Енді дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін, балалар ойын алаңдарын орнату жоспарлануда. Одан бөлек, өзге де әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылуда.
Қоршаған ортаны қорғау және тұрақтылық
“Алтыналмас” қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық тұрақтылыққа да көңіл бөледі. Мәселен компания суару жұмстарымен, өнеркәсіп алаңдарын, санитарлық-қорғау аймақтарын абаттанду, көгалдандырумен, сондай-ақ өндірістік қалдықтарды қайта өңдеумен айналысады. 2022 жылы қоршаған ортаны қорғау шаралары инвестицияда жалпы көлемі 680,6 млн.теңгені құрады.
Аймақтың тұрақтылығы мен болашағы
“Алтыналмас” – Ақмола облысындағы жаңа жұмыс орындарын ашатын ірі жұмыс берушілердің бірі. Жергілікті тұрғындар үшін компанияның тұрақтылығы маңызды.
"Алтыналмас" компаниясы кәсіпорынның да, жалпы аймақтың да ұзақ мерзімді тұрақты дамуына күш-жігерін салады. Оның әлеуметтік және экологиялық бастамалары өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуіне және азаматтардың әл-ауқатының артуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.