Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есімнен танып, құлап қалдым": Ғалымжан Молданазардың денсаулығы сыр берді

Отандық әнші Ғалымжан Молданазар денсаулығына байланысты шығармашылықтан үзіліс алуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://www.instagram.com/moldanazar/

Өнер иесі Revue News бағдарламасына шығармашылығына қатысты соңғы жаңалықты айтып берді. Тіпті, қолайсыздықтар үшін халықтан кешірім де сұрап үлгерді. 

“Осының алдында Астанада өнер көрсеткен болатынбыз. Білетін адамдар болса, көріп отырған адамдар болса кешірім сұраймын. Денсаулығыма байланысты концерттің ортасында есімнен танып, құлап қалған болатынмын. Сол үшін ол кісілерден кешірім сұраймын", – деді әнші. 



Еске салайық, танымал өнер иесі астаналықтарды қаланы абаттандыру ісіне үлес қосуға шақырғанын жазған едік. 

“Өзім Астанаға концерттік бағдарламалармен жиі келемін. Бұл қала мен үшін ерекше орынға айналды. Астананың өсіп, құлпыра түскені ұнайды. Сол себепті өз үлесімізді қосу қашанда маңызды болмақ", – деген еді әнші. 

Талқылау