Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешкімге дауым жоқ": Арыста үйін балтамен қиратып тастады делінген тұрғын ақпаратты жоққа шығарды

Түркістан облысында мемлекеттен көмек алу үшін үйін балтамен бұзып тастады делінген азамат өз шындығын айтты. Ол өзінің бұл әрекеті ешқандай талаппен байланысты емес екенін жеткізді. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында екі видео жариялап, Арыс қаласының тұрғыны бір түнде үйін балта және сүйменмен қиратып тастағанын жазған еді.

Алайда үй иесінің болған жағдай туралы ашып айтқысы жоқ. Ол «баспанам жөнделсін» деген талап қоймағанын айтады. Қайта жөндеу жұмыстарынан ерікті түрде бас тарттым, дейді ол. 

Сонымен қатар үйін балталады деген ақпаратты естімегенін және мұндай ақпарат таратқан адамға талабы жоқ екенін айтты. 

«Ешкімге дауым жоқ. Ешкімге жөндеп бер, жұмыс жасап бер деп барған емеспін», - дейді қала тұрғыны. 

Үйін балталады деген азамат баспананың құлаған тұсын жөндеп қойған. Үйдегі екі жұмысшы да ақпараттан хабарсыз екенін айтты. 

Бұл баспана бойынша жауапты сектордағылар үй иесінің шынында да жөндеуден бас тартқаны туралы жазбаша қолхаты барын айтты. Олар үйін қиратты деген ақпаратты әлеуметтік желіден естідік деп отыр. 

Талқылау