Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар: Досымды махаббатымнан жоғары қоямын

Мағынасы ұшан-теңіз дос деген үш әріпті ұғымның Ернардың өмірінде алатын орны зор. Ол, тіпті, достықты махаббаттан жоғары қояды екен.

16585517_381102108928033_1559608367272427520_n

Бұл туралы «Басты рөлде» бағдарламасында айтылды.

«Қазақ халқының қайсарлығы да бар. Ол өте дана халық. Бірақ іштарлығы мен көреалмастығы да бар. Мұның барлығын тарих дәлелдейді. 100℅ ешкімге сеніп кетуге болмайды. Досқа келген кезде нәзік жүрек пен қаталдық керек. Қажет болғанда бетке айтқанның айыбы жоқ. «Иә-иә» деп сипап дос болған жарамайды. Мен үшін достық деген – қандай жағдай болса да, түсіністік таныту. Мені жақсы түсінетін достарым жетерлік. Кімнің менімен қалай дос болып жүргенін білмеймін. Бірақ әйтеуір сыйласып жатамыз ғой. Мұхтар Шаханов атамыз «Достық пен махаббатты сезіне білмеген адам – адам емес» деп айтқан болатын. Сол секілді достық пен махаббат екеуі – үлкен сезім. Бірақ мен бәрібір досымды бірінші орынға қоямын. Ол махаббатымнан бір саты жоғары тұрады. Досқа сен барлығын ашып айта аласың. Ал әйеліңе көп нәрсені жеткізе алмауың мүмкін», – дейді Ернар Айдар.

Мұнымен қатар, жүрегінде із қалдырған алғашқы махаббаты туралы айтып берді. Ол бүгінгі таңда бұрынғыдай романтик бола алмай жүргенін жасырмады.

«Алғаш рет 6-сыныпта ғашық болдым. Бірақ осы сезімім туралы айта алмай бір жыл жүрдім. Іштей хат жазып, артынша жыртып тастайсың. Сол қыз мектепке келмей қалса көңіл-күйім түсіп қалатын. Қыздардың үйінде әдетте үлкен ит пен атасы болады. Кіре алмай қиналасың. Сол қызды көріп қалсаң, футболды басқаша ойнап кетесің. Жүгіруің де басқаша болып кетеді. Барынша көзіне түскің келеді. Қасыңа су алуға келіп қалса, сальто айналасың. Барынша өзіңді жақсы қырыңнан көрсеткің келіп тұрады. Негізі мен романтик болғанмын. Өнерге келгелі бұл қасиет бойымнан азайып кетті. Мен әлі ғашық емеспін. Ғашық болудың өзі өнер ғой. Сол себепті, мен ғашық қылдыра алған жанға ғашық бола аламын. Махаббат күттірмейді ғой. Бірден ғашық болып қаласың. Сондай махаббатты мен күтемін», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдардың әкесі: Баламның атағы шыққан сайын қорқамын

Жеңіс Ысқақова өзінің шын есімін төлқұжат алатын кезде бірақ білген

Жеңіс Ысқақова марқұм Мәдина Ералиева туралы естелігін бөлісті

Танымал журналист Қытай жобасының отандық арнадан көрсетілуіне қарсы шықты

STAN.KZ
Сенбі, 18 Наурыз, 2017 11:32
Талқылау