Ернар Айдар әкесіне дүркіретіп той жасады (видео)
Ернар Айдардың шаңырағында дүбірлі той! Өнер иесі 60 жасқа толған әкесіне дүркіретіп той жасап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Берік, Бейбіт, Талғат, Ернар, Жазирадай ұлтына ұлықты алтын асықтай ұлды, қазаққа қылықты күміс қасықтай қызды тәрбиелеп, ырысы мен өрісі кеңейтіп немерелерді өрбітіп өмірін өрімді еткен, баурайынан бақ, қойнауынан құт кетірмеген берекелі әулеттің еншісіндегі мерекелі кештің, тамырын тереңге жайған отбасының ордалы қуанышының куәгері атанып үйімізге аттанып барамыз!
Балам - балым, немере - жаным деген таудан биік жүректің иесі - Әкеге, теңізден терең жүректің иесі - Анаға, перзенттік борышын өтеудегі титтей үлесі - су жаңа көлік сыйлаған жанұяның жақсылығын Жаратқан бізге де жұғыстын етсін деп тарқастық!" - деп жазды ол.
Той барысында Ернар Қайрат Нұртастың әкелерге арнаған әнін әріптесімен бірге орындады.
Тамыз айында Ернар әкесінің мерейлі жасына су жаңа Lexus LX570 көлігін мінгізген еді.
Сондай-ақ әнші қарашаның басында 1 жасқа толған қызының тұсауын кестіріп, той жасады.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды