Ернар Айдар 1 жасар қызының тұсауын кесіп, той жасады (видео)
Әнші Ернар Айдардың шаңырағында қуаныш. Өнер иесі қызының 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ернардың Айым есімді қызы 2020 жылы дүниеге келген. Ол өнердегі ағасы Мейрамбек Бесбаев пен оның жары Мархабат Бесбаеваны қызына кіндік әке-шеше етіп сайлаған.
Осы орайда, Ернар қызының тұсауын өзінің кіндік анасы Мархабатқа кестірді. Желіде атаулы сәттің видеосы пайда болды.
Айта кетейік, Ернар Айдар 2017 жылы шаңырақ көтерді. Әншінің екі қызы өсіп келеді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"