Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Компанияның қарыштап дамуы, жұмысшыларының өнімді еңбегіне тікелей байланысты – ERG

Eurasian Resources Group (ERG) Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Хромтау жел электр станциясының капсуласын қалау рәсіміне өткізілген жиында қолға алынған маңызды жобалары жайлы айтып берді. Өз сөзінде ол компания бірінші кезекте өз қызметкерлеріне жағдай жасауға басымдылық беретінін атап өтті.  

ERG Қазақстандағы кешенді экологияны дамытуға мүмкіндік алған  бірінші және жалғыз компания болып отыр. Жалпы ERG қолға алған Экологиялық стратегиясын жүйелі жүзеге асыра отырып, СО2 шығарындыларын 2 млн тоннаға азайтуды жоспарлаған. Бұл бағытта жаңғыртымды қуат көздерін дамыту, энергетикалық тиімділік пен қуат үнемдеуді арттыру көзделген. 2030 жылға қарай  қатты шығарындылар көлемі - 56%, төкпелер көлемі - 30%, су тұтыну мөлшері - 33% төмендетіледі.

“Хромтаудағы Дөң ТКБК-да “Шлам өндейтін байыту фабрикасын” салу бастамасына 2030 жылға дейін 900 млрд теңге қаражат құюды жоспарлап отыр. Бұл кәсіпорында қордаланған шлам көлемін азайтуға мүмкіндік зор болмақ. Жоба хром оксидін алу тимділігін арттыруға бағытталған. Сайып келгенде, қордаланып қалған шлам қайта өңделіп, одан жыл сайын 700 мың тонна өнім алынбақ. Концентрат сапасы 48,5%-тен төмен болмайды деп күтілуде. Жылына 1,7 млн тонна шикізат қайта өңделмек. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 2022 жылдан бастап, концентрат тапшылығы азаяды деген болжам бар. Фабриканы 2023 жылы толық қуатына шығару көзделген. Жобаға құйылған жалпы инвестиция көлемі – 50 млрд теңге. Мұнда 270 тұрақты жұмыс орны ашылады” деді баспасөз кеңесінде Александр Машкевич.

Осы орайда, Дөң ТКБК ERG-дің тағы бір стратегиялық маңызды жобасы – “Қазақстан Тәуелсіздігінің онжылдығы” шахтасының 2-ші кезеңінің құрылысын қызу жүргізіп жатыр. Шахтаның жаңа кезеңі  хром кенінің өндіріс көлемін жылына 7,5 миллион тоннаға дейін жеткізуге болады. Сәйкесінше, орта және ұзақ мерзімді перспективада ферроқорытпа зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Мұнда дәстүрлі өнімділігі төмен игеру тәсілдерін жаңасына алмастыру көзделген. “Қазақстан Тәуелсіздігінің онжылдығы” атындағы шахтаның 2-ші кезеңін іске қосу нәтижесінде 1 000 жұмыс орны ашылады. Құйылған инвестиция көлемі – 877,6 млрд теңгеден астам.

“Осы үш жобаны да ERG Capital Projects компаниясы жүзеге асырып отыр. Ол Топтың Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларын әзірлеп, іске асыру үшін арнайы құрылған. Компания жобалардың тәуекелдерін басқарып, негізгі белгісіздіктерді төмендету жоспарларын түзіп, қауіпсіздікті нығайтып, Топ кәсіпорындарына тиімді технологиялық бизнес шешімдер әзірлеуді көздейді”, – деп қосты Александр Машкевич. 

Сонымен қатар ERG негізі қаланған сәттен бастап қайырымдылықпен айналысып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, осы уақытта дейін қайырымдылық шараларына компания 1 млрд долларға жуық қаражат жұмсапты. Бұған қоса ERG жақында құрылған “Қазақстан халқына” қорына да 30 миллиард теңге ақша аударған. 

ERG алдағы уақытта Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қызметкерлеріне арнап демалыс орталығын салуды да жоспарлаған. Компания өкілі өз кезегінде металлург пен шахтердың жұмысынан асқан ауыр жұмыс түрі жоқ екенін, олардың өмір қауіпсіздігі мен жайлы өмір салты ең бірінші кезекте тұрғанын жеткізді.

“Компания қарамағындағы қызметкерлеріне, соның ішінде ауыр жұмыс еңбеккерлеріне жағдай жасауды бірінші орынға қойып отыр. Оларды шипажайға жіберу, сыйақы беріп марапаттау, еңбектеріне сай еңбекақысын төлеу біздің міндетіміз. Компанияның қарыштап дамуы, жұмысшыларының өнімді еңбегіне тікелей байланысты”, – деп атап өтті Машкевич.

Сонымен қатар ерекше зәрулігі бар балаларға арнап емдеу кешенін салуды қолға алған. Бұл кешенде балаларға арналған барлық емдеу құралдары мен сауықтыру шаралары өткізілетін болады деді. 

Талқылау