Еревандағы жарылыс: Құрбандар саны 14-ке жетті
Еревандағы "Сурмалу" сауда орталығындағы жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 14-ке жетті. Тағы 61 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 14 мәйіт табылды", – делінген Армения төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Әзірге 8 құрбанның жеке тұлғасы анықталмаған.
Ведомство өкілдері келтірген мәліметке сәйкес, 911 құтқару қызметіне түскен қоңыраулар бойынша із-түссіз жоғалғандар саны 18-ге жетуі мүмкін. Олардың арасында ресейлік әйел мен Иран азаматы бар.
Айта кетейік, "Сурмалу" сауда орталығындағы жарылыс 14 тамызда күндіз болған. Ереван мэрииінің мәліметінше, пиротехникалық материалдар қоймасы жарылған.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады