AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент жарлығы бойынша ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды. Шәпкенов бұл қызметті 2021 жылдың қаңтарынан бастап атқарды.

Бұған дейін Атырау облысының әкімі қызметін Махамбет Досмұхамбетов атқарған. 

Айта кетері, Серік Шәпкенов бұған дейін де Атырау облысында жұмыс істеген, оның ішінде облыс орталығының әкімі, облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-математик" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары – президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі.

2018-2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2020 жылдың маусымында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне кіріскен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр