Еңбек демалысына шыққан ер адам кенеттен байып кетті
Американың Мичиган штатындағы Голландия қаласының тұрғыны жағажайда демалыста жүрген кезінде лотереяда джекпот ұтып, байығанын білді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
67 жастағы Ким Бушер демалысқа шықпас бұрын Феннвиллдегі көлік жуу орнынан лотерея билетін сатып алған. Америкалық азамат саяхат кезінде жағажайға келгенде, біреудің 150 мың доллар (68 миллион теңге) ұтып алғанын көреді. Ер адам сатып алған билеттін тексеріп, өзінің жеңімпаз екенін білді.
"Үлкен джекпотты жеңгенімді түсінгенде, сене алмадым! Әйелімнен билетті тексеруді сұрадым. Сосын отбасымызға телефон соғып, қуанышты хабарды жеткіздік", – дейді ол.
Бушер ұтып алған ақшаны қайырымдылыққа, отбасына көмектесуге және жинақ шотын толықтыруға жұмсауды жоспарлап отыр.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ