Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін көтеру Қазақстанға қандай өзгеріс алып келеді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы айтқан болатын. Бұл шешім Қазақстанға және қарапайым азаматтарға не береді? Мемлекет басшысы бұл миллионнан астам адамның табысына тікелей әсер ететінін мәлімдеген еді. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап хабарлайды.

tenge

Жалақы – бұл біліктілігі жоқ жұмысшыға төленетін кепілдік минимумы. Ол, сонымен қатар жәрдемақыларды, зейнетақылар мен стипендияларды есептеу үшін де қолданылады. Және көптеген қазақстандықтар бұл ұғыммен алғаш рет өткен жылы – төтенше жағдай кезінде үкімет табысы жоқ азаматтардың әрқайсысына 42 500 теңге төлеу арқылы қолдау туралы шешім қабылдаған уақытта жолықты. Дәл сол кезде көптеген экономистер ең төменгі жалақыны көтеру қажеттілігі туралы айта бастады.

Оның үстіне бұл сома үш жылға жуық уақыт бойы өзгеріссіз тұрды. Осы уақыт ішінде айырбас бағамы өсіп, азық-түлік бағасы қымбаттап барлығы өзгергенімен, ең төменгі жалақы өз орнында қалып қойған.

Өз кезегінде, қаржыгерлер жалақының деңгейі осы сома мөлшерінде болатын аймақтардың, ішкі аудандардың тұрғындары табыстың шамалы өсуін сезінетінін айтады. Ал елдің көптеген тұрғындары үшін, әсіресе ірі қалалар үшін бұл сома маңызды емес, өйткені мұнда кірістер онсызда әлдеқайда жоғары.


Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтерілмек


"Бұл қайтадан сатып алу қабілетін күшейту, оны көтеру әрекеті. Бірақ қаншалықты сәтті болатыны үлкен сұрақты тудырады. Жалпы алғанда, халықтың көпшілігі үшін ең төменгі жалақыны көтеру арқылы президент іс жүзінде болғалы тұрған фактіні атады. 42 500 – бұл маңыздылығын жоғалтып алған баға", – дейді қаржы талдаушысы Арман Бейсембаев.

Президент, сонымен қатар салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алғанда ең төменгі жалақыны есептік көрсеткіш ретінде пайдалануды тоқтату керектігін де атап өтті. Бұл механизм қалай жұмыс істейтіні әлі белгісіз. Бірақ ең төменгі жалақының шегерілуі халық табысына әсер етуі мүмкін, кері жағдай орын алу ықтималдығы да жоқ емес. 

Айталық, қызметкер 150 мың теңге жалақы алады. Бұл соманың 10% зейнетақы қорына түседі, медициналық жарнаның 2%, одан ең төменгі жалақы шегеріледі, ал қалған сомадан жеке табыс салығының 10% ғана ұсталады. Бұл 8 950 теңге. Егер жеке табыс салығын есептеу кезінде ең төменгі жалақы алынып тасталса, табыс салығы 4 250 теңгеге өседі.

Қысқасы, сарапшылар жалпы ең төменгі жалақының өсуі тауар бағасының одан әрі көтерілуіне әкелуі мүмкін деп болжайды.

Бұл президент бүгінгі күні инфляцияны жылына 4-6% дәлізге қайтаруды тапсырғанына қарамастан. Бірақ халық табысының болашақтағы өсімін ескере отырып, Ұлттық банк бұған қалай қол жеткізетіні – үлкен мәселе.  

Талқылау