Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ең көбі Түркістан облысында”: Қазақстандағы аудандар мен ауылдар саны белгілі болды

Қазақстанда аудандар мен қала және ауыл саны нақтыланды. Дерекке сүйенсек, ел аумағында 6 295 ауыл бар деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Елдегі ауылдар мен аудан санын ұлттық статистика бюросы жариялады. Онда ел бойынша 89 қала, 188 аудан және 6 295 ауыл бары жазылған. 

Мұнда жалпы қала мен аудандар саны бойынша Ақмола облысы көш басында. Өңірде 11 қала және 17 аудан бар. 

Ал ауылдар санымен тізімнің алғашқы легінде Түркістан облысы тұр. Жалпы елдегі елді мекендердің саны – 826.

Олжас Нұржақып
Жұма, 17 Наурыз, 2023 17:28
Талқылау